Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі проблемалары анықталды

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі проблемалары анықталды

Халықарасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес 2018 жылы мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейі 51% - ға төмендеді.

 

Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген мәжілісінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Қуатұлы Ахметов тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінде туындаған проблемалар және оларды шешу жолдары туралы айтып берді.

 

 

Азамат Ахметов халықтың билік органдарына олардың құқықтарын қорғау саласындағы сенім деңгейінің жыл сайын төмендеп келе жатқанын атап өтті. 2018 жылдың қорытындысына сәйкес мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейі 51%-ға төмендеді. Өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін азаматтардың көпшілігі –яғни, 64%-ы өз құқықтарын қорғауға құлықсыз екенін атап өтті. Әдетте, бұл бизнестің жазасыздығына және кімдікі дұрыс, кім кінәлі екенін дәлелдеуге ниеттің жоқтығына байланысты.  Өз құқықтарын қорғау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға тұтынушылардың 11%-ы ғана жүгінеді. Құқықтарды сот тәртібімен қорғауға келетін болсақ, сауалнамаға қатысқандардың 48%-ы сот төрелігіне сенбейді. Бұл ретте респонденттердің 16%-ы тауардың құны жоғары болған жағдайда ғана сотта өз құқықтарын қорғауға дайын.

 

Осылайша, Комитет төрағасы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі мәселелерін белгіледі:

 

Біріншісі  - қолданыстағы жүйе әкімшілік шараларға шоғырланған және бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге және шығындарды өтеуге ықылас танытпайды;

 

Екінші - сотқа дейінгі реттеу институты тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесіне әлсіз интеграцияланған;

 

Үшінші - мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өз рөлі мен міндеттерін жете түсінбей отырғандығы;

 

Төртіншісі-тұтынушылардың сауатсыздығы, өз құқықтарын қорғаудың қарапайым және түсінікті алгоритмінің болмауы;

Бесінші - жазаланбаған кәсіпкерлерге тұтынушылардың қарапайым базалық құқықтарын бұзуға мүмкіндік беретін заңнаманың жетілмегендігі.