Меню

Страницы

Статья

Жұмыс тобының отырысы өткізілді

2022 жылғы «06» қазанда үкіметтік емес сектормен бірлесіп Заң жобалау қызметі жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді, онда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР пысықталған заң жобалары (бұдан әрі – заң жобасы) талқыланды. Отырысқа Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Ұлттық Банкі қатысты. Жоғарғы Сот қатысқан жоқ, бірақ олардың ескертулері жұмыс тобымен талқыланды.

Бұған дейін заң жобасының негізгі аспектілері туралы хабарланған болатын:

  1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институтын (бұдан әрі-Омбудсмен) енгізу жолымен қоғамдық институттардың әлеуметтік – саяси ықпалын кеңейту.
  2. Перспективада Омбудсмен институтының салалық мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге міндетті қатысуы арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаты.
  3. Шарттарда тұтынушылардың құқықтарын бұзатын немесе осындай бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін шарттардың пайда болуының алдын алу.
  4. Қашықтықтан (электрондық) сауда сегментіндегі және оның көзбе-көз нысанындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді үйлестіру.
  5. Азаматтардың қабылдауы үшін қарапайым және құқық қолдану практикасы үшін ыңғайлы заң мәтінін қабылдау арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру.

2022 жылғы 19 қыркүйекте «Ашық НҚА» интернет-порталында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын жария талқылау басталды, төменде сілтеме бойынша өтіп, өз ұсыныстарыңыз бен түсініктемелеріңізді қалдыруға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14237350

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14237391

Дата публикации
07 октября 2022
Дата обновления
07 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
02 апреля 2026
Защита прав потребителей
Ақпарат
02 апреля 2026
В ЕАЭС приняли программу защиты прав потребителей в условиях цифровой трансформации
Ақпарат
02 апреля 2026
Автосалон продал подержанный автомобиль под видом нового в Шымкенте

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы