Меню

Страницы

Статья

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» пәнінің курсы енді бірнеше жоғары оқу орындарының студенттеріне оқытылады

Ағымдағы жылы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің, «Жаңа Шабыт» және «Әділет «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» Қоғамдық Бірлестіктерінің қолдауымен оқыту және ақпараттық-әдістемелік қызметтер арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-ағарту бағдарламасы іске асырылуда.

«Астанада жаңа оқу жылының басынан бастап Л. Н. Гумилев Еуразия ұлттық университетінде бейресми білім беру аясында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» пәні курсының бағдарламасын енгізді. Жыл соңына дейін осындай білім беру бағдарламалары Алматы Менеджмент университетінде, Шымкент қаласында Орталық Азия Инновациялық университетінде, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде және Батыс және Шығыс Қазақстан облысының университеттерінде іске асырылады»,- дейді «Жаңа Шабыт» ҚБ  төрағасы Талғат Ахымбетов.

 

Осы мақсатта Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы ЖОО студенттеріне арналған оқулық пен лекторларға арналған әдістемелік ұсыныстар әзірледі. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Жастар қозғалысы Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық бірлестігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы мәселелері бойынша Қазақстанның барлық өңірлері халқының қоғамдық пікірін зерделеу жолымен әлеуметтік зерттеу жүргізуде.

Дата публикации
03 октября 2022
Дата обновления
03 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
02 апреля 2026
Защита прав потребителей
Ақпарат
02 апреля 2026
В ЕАЭС приняли программу защиты прав потребителей в условиях цифровой трансформации
Ақпарат
02 апреля 2026
Автосалон продал подержанный автомобиль под видом нового в Шымкенте

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы