Қазіргі уақытта қазақстандық қоғамда азаматтардың құқықтарын, оның ішінде тұтынушылық қатынастар саласындағы құқықтарын тиімді қамтамасыз ету мақсатында тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне маңызды рөл бөлінуде. Елдегі қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың Ұлттық қауымдастығын құруды ұсынады.
Қауымдастыққа қазіргі уақытта Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін барлық қоғамдық ұйымдар кіреді деп болжануда. Ұлттық қауымдастықтың ел өңірлерінде кең өкілдіктер желісі болады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктер министрліктер мен өңірлер әкімдіктері жанындағы кеңесші органдардың құрамына енгізілетін болады.
Сондай-ақ ҮЕҰ базасында омбудсмен институты құрылады, ол тұтынушылардың мүдделері мен құқықтарын неғұрлым жоғары деңгейде қорғайтын болады.
Бұдан басқа, заңдарды және басқа да нормативтік актілерді әзірлеу кезінде міндетті талапты енгізу ұсынылады - олардың тұтынушылардың мүдделеріне әсеріне талдау жүргізіледі. Мемлекеттік органдардың, ЖАО мен квазимемлекеттік ұйымдардың қызметі, оның ішінде тұтынушылар тарапынан олардың жұмысына қанағаттану көрсеткіші бойынша бағаланатын болады.
ИСМ-нің Қазақстан тұтынушыларының Бірыңғай ұлттық қауымдастығын құрудың орындылығы туралы ұсынысы олардың юрисдикцияларында міндетті мүшелік қалыпты деп танылатын елдердің халықаралық тәжірибесіне негізделген.
Мысалы, Германияда 30-дан астам қоғамдық ұйым тұтынушылардың бірыңғай Одағына біріктірілген, онда әртүрлі салалар (сауда, қаржы, сақтандыру және т.б.) бойынша білікті сарапшылар жұмыс істейді және бұл дауларды мемлекеттік құрылымдардың қатысуынсыз шешуге мүмкіндік береді.
Осындай институттар Сингапурда, Жапонияда және Австрияда тиімді жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеті - заңнаманы қалыптастыру және іске асыру кезінде тұтынушылардың мүдделерін қолдау.
Біздің елге келетін болсақ, қазір тұтынушылардың 112 қоғамдық бірлестігі тіркелген, олардың 47-сі бір уақытта тұтынушыларды да, кәсіпкерлерді де қорғауды жүзеге асырады, 65-і тек тұтынушылардың мүдделері үшін әрекет етеді, олардың 40-қа жуығы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасауда белсенді.
Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктерде салалық белгі қалыптаспаған, мәселелерді шешуде тар мамандандыру мен бірыңғай тәсіл жоқ. Олардың көпшілігі бір-бірінің идеологиясына жиі кедергі келтіре отырып, бытыраңқы жұмыс істейді, бұл мемлекеттік орган мен ҮЕҰ арасындағы өзара қарым-қатынастың тиімсіздігіне әкеп соғады.
Сондықтан, қоғамдық ұйымдарды бір қауымдастыққа біріктіру:
– бірлестіктер институтын "саннан сапаға" қағидаты бойынша қайта форматтау, өйткені тұтынушылар ҮЕҰ сенімділігі мен маңыздылығы туралы білгісі келеді. Бүгінгі таңда елде тіркелген тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдары санының жалпы өсуімен ұйымдардың едәуір саны номиналды түрде, яғни қағаз жүзінде бар.
- барлық ҮЕҰ үшін тең мүмкіндіктерді, оның ішінде әділетті азаматтық қоғам құра отырып, ауылдық жерлерде орналасқандарды қамтамасыз ету;
- сауда, қаржы, медицина, туризм және т. б. сияқты түрлі салалар бойынша ҮЕҰ қызметінде тар бейінді бағыттарды дамыту.;
- тұтынушылық дауларды шешуге мемлекеттің қатысуын барынша азайту.
Өз кезегінде, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институты мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін қадағалау үшін ұсынылды. Ол сондай-ақ азаматтық қоғамның спикері рөлін және бірыңғай ұлттық қауымдастықтың өкілдік функцияларын өзіне алады. Оны сайлауды азаматтық қоғамның өзі жүзеге асырады.
Ұсынылған бастамалар 2020 жыл ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі неғұрлым белсенді 40 қоғамдық бірлестіктің өкілдерімен ИСМ ұйымдастырған жұмыс топтарында, конференцияларда, Азаматтық форумда бірнеше рет талқыланғанын атап өту маңызды.
Азаматтық қоғамның қызу талқылауының нәтижесінде идеология жалпы қолдау тапты, сонымен бірге ИСМ ескеруді жоспарлап отырған кейбір тілектер айтылды.