Меню

Страницы

Статья

НҚА әзірлеу

Қазақстанда қазір жұмыс істеп тұрған тұтынушылардың 65 қоғамдық бірлестігі бар, олардың 40-қа жуығы бізбен белсенді өзара іс-қимыл жасауда. Айта кету керек, бүгінгі таңда Комитет құрамына еліміздің 15 өңіріндегі 30 қоғамдық ұйым кіретін Қазақстанның республикалық тұтынушылар қауымдастығымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.
Қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп тұрақты негізде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласын одан әрі дамыту жоспарында министрлік бастамаларын талқылау бойынша кездесулер, конференциялар өткіземіз. Мәселен, таяудағы Үкімет отырысында біздің министр бірқатар бастамаларды ұсынды. Олардың бірі-барлық қоғамдық ұйымдарды өңірлердегі өкілдіктермен бірыңғай ұлттық тұтынушылар қауымдастығына біріктіру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінде азаматтық сектордың рөлін нығайту үшін омбудсмен институтын енгізу. Бұл ұсыныстар азаматтық қоғаммен жоғары бағаланып, толық қолдау тапты, өйткені оларды алдыңғы қатарлы шет елдер сынап көрді.
Біздің барлық бастамаларымызды іске асыру мақсатында Комитет тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың біртұтас жүйесін құру үшін іс-шаралар жоспарын әзірледі, оны таяу уақытта Үкімет бекітетін болады.

Дата публикации
14 декабря 2020
Дата обновления
14 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 апреля 2026
В ЕАЭС приняли программу защиты прав потребителей в условиях цифровой трансформации
Ақпарат
02 апреля 2026
Автосалон продал подержанный автомобиль под видом нового в Шымкенте
Пайдалы ақпарат
02 апреля 2026
Елордада 48 млн теңге тұтынушыларға қайтарылды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы