Меню

Страницы

Статья

Тұтынушыларға ақпарат беру және кеңес беру

2025 жылдың қаңтар айынан бастап Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық департаменттері тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында ақпараттық-ағарту жұмыстарын тұрақты және жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Комитеттің ресми интернет-ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшаларында тұтынушылардың құқықтары, кепілдік міндеттемелері, тауарды қайтару немесе ауыстыру тәртібі, онлайн-сауда қауіпсіздігі, сапасыз қызмет көрсету фактілерін реттеу және өзге де өзекті мәселелер бойынша 300-ден астам түсіндірмелік және талдамалық материал жарияланды.

Жарияланған материалдар Комитеттің әлеуметтік желілерінде кеңінен таратылып, олардың сілтемелері еліміздегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарына жолдануда. БАҚ-пен тиімді жұмыс істеу нәтижесінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жаңалықтар мен нақты мысалдар жедел жарияланып, қоғам арасында кеңінен талқылануда.

Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, Комитет пен аумақтық департаменттердің ақпараттық жұмысы нәтижесінде интернет пен БАҚ-та тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесіне арналған 1500-нан астам материал жарық көрді. Бұл көрсеткіш ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған шаралардың нәтижелілігін айқындайды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін жүйелі әрі кәсіби түрде жариялап келе жатқан жетекші республикалық БАҚ қатарында: Zakon.kz, Tengrinews.kz, Informburo.kz, Vlast.kz, NUR.KZ, Stan.kz, Baigenews.kz, Liter.kz, Kazinform, Sputnik Kazakhstan, KazTAG, NewTimes.kz, Azattyq.org, Orda.kz, El.kz, Mediazona Kazakhstan, Factcheck.kz, ProTenge.kz, Kursiv Media, Forbes.kz, FinReview, Kapital.kz, LS.kz және басқа да медиа ресурстар бар.

 Аталған ақпараттық алаңдарда Комитеттің құқықтық кеңестері, ресми пікірлері, тақырыптық кейстер мен түсіндірмелері тұрақты түрде жарияланып келеді.

Өңірлік деңгейде ақпараттық жұмысты сапалы және белсенді жүргізіп отырған аумақтық департаменттер:

Маңғыстау облысы

Атырау облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Ақмола облысы

Қостанай облысы

БҚО

Абай облысы

Павлодар облысы

Қарағанды облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Ұлытау облысы

Түркістан облысы

Жетісу облысы

Аталған департаменттер халыққа түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп, өңірлік БАҚ-пен тұрақты байланыс орнату арқылы тұрғындардың тұтынушылық құқық мәдениетінің артуына елеулі үлес қосып отыр.

БАҚ пен жұмыс жыл басынан мүлдем аз немесе жоқ департаменттер

Алматы облысы

Қызылорда облысы

Шымкент қаласы

Осыған байланысты, ақпараттық-ағарту жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында төмендегі ұсыныстар берілді:

 

ҰСЫНЫСТАР

  1. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту

Тұтынушыларға арналған «Тұтынушы мектебі» айдарын ашу (бейнематериал, инфографика, құқықтық кеңестер).

Әлеуметтік желілерде күнделікті құқықтық кеңестерді тұрақты жариялау.

Қарапайым тілмен әзірленген нұсқаулықтар, чек-листер және қысқа видеороликтер дайындау.

ЖОО студенттері үшін ашық лекциялар мен құқықтық семинарлар өткізу.

 Өңірлік ақпараттық жұмысты жандандыру

Әр өңірде ай сайын 10–15 сапалы ақпараттық материал әзірлеу.

БАҚ-пен жоспарлы брифингтер өткізу.

Халықпен көшпелі кездесу, қабылдау және түсіндіру шараларын кеңейту.

 Цифрлық коммуникация арналарын жетілдіру

Telegram/WhatsApp-бот арқылы құқықтық кеңес беру жүйесін дамыту.

ХҚКО-ларда цифрлық «Тұтынушы бұрышын» орналастыру.

Жиі қойылатын сұрақтарға арналған мобильді сервис әзірлеу.

TikTok және Instagram Reels форматындағы құқықтық бейнероликтерді жүйелі шығару.

Инфографика және анимациялық роликтерді көптеп пайдалану.

«1 минут – 1 кеңес» жобасын іске қосу.

Республикалық «Тұтынушы апталығын» өткізу

Ашық есік күндері

Онлайн вебинарлар

Тегін заңгерлік кеңес беру алаңдары

Қоғамдық талқылаулар және түсіндіру шаралары

 БАҚ-пен әріптестікті жүйелі түрде дамыту

Журналистер үшін жыл сайын ақпараттық тренингтер ұйымдастыру.

Аталған шараларды іске асыру тұтынушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұтынушылардың мемлекеттік органдарға деген сенімін күшейтуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
14 декабря 2020
Дата обновления
09 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
02 апреля 2026
Защита прав потребителей
Ақпарат
02 апреля 2026
В ЕАЭС приняли программу защиты прав потребителей в условиях цифровой трансформации
Ақпарат
02 апреля 2026
Автосалон продал подержанный автомобиль под видом нового в Шымкенте

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы