Меню

Страницы

Статья

Микроскоп астындағы айран: тартымды қаптаманың артында не жатыр?

Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұтынушылар құқығын қорғау мақсатында сарапшылар кең таралған сүт өнімдерінің бірі – айранды зерттеді. «Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігімен жүргізген зерттеу нәтижелері өте алаңдатарлық.

Алматы облысының Қонаев қаласындағы дүкендердің бірінен сатып алынған айран үлгісі Алматы қаласындағы Ұлттық сараптама орталығы филиалының аккредиттелген зертханасында зерттелді. Талдау нәтижесінде өнімнің Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сай келмейтіні анықталды. Атап айтқанда, каприл қышқылының мөлшері жоғары, ал каприн қышқылының мөлшері төмен болды.

Каприл қышқылының мөлшерінің жоғары болуы өндіріс технологиясының бұзылуы немесе өнімнің дұрыс сақталмауы салдарынан болуы мүмкін. Бұл айранның дәмдік қасиеттерінің нашарлауына, сондай-ақ тұтынушылардың денсаулығына теріс әсер етуіне, ас қорыту жүйесінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Ал каприн қышқылының мөлшерінің төмен болуы өнімнің майлылығы бұзылуының белгісі болып табылады, бұл оның сапасы мен тағамдық құндылығына теріс әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар сүт өнімінің жасанды түрде жасалуы немесе сұйылтылуының белгісі болып табылады, сондай-ақ оның табиғилығы мен стандарттар сәйкестігіне күмән тудырады.

Сапалы айранды қалай таңдауға болады?

Сарапшылар айран таңдағанда мынадай жайттарға назар аударуды ұсынады:

  • Құрамы: табиғи айранда тек пастерленген сүт және ашытқы болуы тиіс.
  • Сақтау мерзімі: жарамдылық мерзімі аяқталып бара жатқан өнімдерді сатып алмаңыз.
  • Сақтау шарттары: айран тоңазытқышта сақталуы тиіс.
  • Ораманың сыртқы түрі: орама бүтін, зақымдалмаған болуы тиіс.
  • Өндіруші: сенімді өндірушілерді таңдаңыз.
Дата публикации
12 ноября 2024
Дата обновления
12 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
02 апреля 2026
В ЕАЭС приняли программу защиты прав потребителей в условиях цифровой трансформации
Ақпарат
02 апреля 2026
Автосалон продал подержанный автомобиль под видом нового в Шымкенте
Пайдалы ақпарат
02 апреля 2026
Елордада 48 млн теңге тұтынушыларға қайтарылды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы