Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмыстарын жақсарту үшін Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығында департаментпен 431 өтініш қаралды.
Оның ішінде: «Е-өтініш» бойынша – 220 өтініш, басшылық пен мамандардың жеке қабылдауында – 148 өтініш, «Жедел желі» арқылы – 52 өтініш. Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан: - 154 (35,7%) өтініш түсіндірілді, - 140 (32,5%) өтініш қанағаттандырылды, - 80 (18,5%) өтініш қайта жөнелтілді, - 26 өтініш кері қайтарылды, - 31 өтініш келесі айға өтті. (6 айда) Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында тұтынушыларға нақты қайтарудың жалпы сомасы 3 082 220 теңге көлемінде қаражат қайтарылды.