Соңғы уақытта Қазақстан нарығында әртүрлі елдерден, соның ішінде Қытайдан импортталатын азық-түлік өнімдері жиі кездеседі. Танымал өнімдердің бірі дайын тез дайындалатын сорпалар екені анық. "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайын сорпаны зерттеуге бастамашы болып, өнім таңбалаудағы сәйкессіздіктерді анықтады. Сорпа – қазақ ұғымында малдың, аңның, балықтың, құстың қайнатып пісірілген етінің суға шыққан сөлі, маңызы, яғни еттің ең күшті нәрі. Ең дәмді сорпа – сиыр етінің сорпасы, содан кейінгі орынды қой және ешкі етінің сорпасы алады. Жас жылқы мен сиырдың, сондай-ақ, қойдың сорпасы өте дәмді болады.