"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі Тараз дүкендерінің біріндегі отандық өндірушіден, салмағы 440 г. жартылай ысталған "Барыс" халал өнімін жасырын сатып алушы әдісімен сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өнім кешенді зерттеуге Қазақстан Республика Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (ҚСЭК МЗ) Жамбыл облысындағы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген санитарлық-гигиеналық зертханасына ұсынылды. (2024 жылдың 18 шілдесіндегі
№ РО-24-09710 хаттамасы). Зерттеу барысында Кеден одағының "Тағамдықөнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламентінің талаптарына қатысты сәйкессіздіктер анықталды.