Биылғы 7 айда Түркістан облысының тұтынушыларына 54 миллион теңгеден астам қаражат, одан бөлек құны 10 млн теңгеден асатын сапасыз 2 автокөліктің құны толықтай тұтынушыларға қайтарылды. Тұтынушы құқығын және «Сауда қызметін реттеу» туралы Заңының баптарын бұзған кәсіпкерлерге 716 788 теңге айыппұл салынған. Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне осы мерзімде 988 өтініш келіп түскен. Оның 238-і жазбаша, 335 жедел желі арқылы болса, жеке қабылдаулардан – 391 өтініш. Жалпы алғанда өңір тұрғындарын бөлшек саудада сапасыз тауарлар сатып алу кезінде туындайтын мәселелер, тауарды айырбастау және қайтару мәселелері, тұрмыстық қызметтерді сапасыз ұсыну, жиһаз дайындау және жөндеу дұрыс қызмет көрсетпеу мәселелері көбірек алаңдатады.
https://qaz.ulysmedia.kz/kogam/18432-avtosalon-eki-adamga-sapasyz-koliktin-akshasyn-kaitaryp-berdi/
https://kz.otyrar.kz/2024/08/10-mln-tengeden-asatyn-sapasyz-2-avtokoliktin-quny-tolyqtaj-qajtaryldy/
https://krmm.kz/news/t-rk-stan-zhy-l-basy-nan-ber-r-t-ty-nushy-lary-na-54-mln-te-ge-ajtary-ldy
https://gurk.kz/news/turkestan-s-nachala-goda-potrebitelyam-regiona-vozvrashheno-54-mln-tenge