Жыл сайын тұтынушылардың құқықтарын бұзу туралы шағымдардың саны артып келеді. Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2024 жылдың басынан бері тұрғындардан 4 мыңға жуық өтінішті қарады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Абдиев мәлімдеді.
https://qazdauiri.kz/news/almatylyq-tutynusylarga-100-mln-tenge-qaitaryldy