Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінде өңірдің сауда желілері мен базарларында сатылатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелері қаралды. СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Қанат Жеңісбекұлының айтуынша, сауда орталықтарына отандық өнімді сөрелерге орналастыруға қатысты бірқатар талап бар. «Отандық өнім тұрған сөреде «Қазақстанда жасалған» деген жазуы болуы тиіс. Сондай-ақ қазақстандық тауар азық-түлік сататын сауда алаңында және сөрелерде кемінде 30% алуы керек. Отандық өнім көзге көрінетін, қолжетімді жерде орналасады», - дейді Қанат Жеңісбекұлы. Департамент нарықтағы отандық тауардың үлесін анықтау үшін Петропавлдағы ірі сауда орындарына мониторинг жүргізген. Оған «Aimer», «Семейный», «Magnum», және «Северный» сауда желілері қатысты.
https://kaz.inform.kz/news/petropavldagi-r-sauda-orindarinda-reseylk-shuzhik-pen-osmdk-mayinin-ules-zhogari-7d1b38/