Департаментте әлеуметтік сауалнама нәтижелері туралы айтылды, оның қорытындысы бойынша еліміздің 10 мың респонденті өткен жылы азық-түліктің жарамдылық мерзімі мен сақтау нормаларын сақтамағаны, тауарлардың сапасына наразы болғаны, заң бойынша талап етілетін азық-түлік туралы ақпараттың жоқтығына шағымданғаны белгілі болды.
«Тұтынушылардың құқығын қорғаудың тиімділігі мемлекеттік органдардың қызметіне ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың үкіметтік емес институттарына да байланысты екенін атап өткен жөн», - деді Нұрғали Егембердиев.
Оның айтуынша, қоғамдық бірлестіктердің қызметін неғұрлым тиімді интеграциялау үшін Сауда министрлігі ахуалдық штаб құрды. Оның құрамына бейінді мемлекеттік органдар, адал бизнес субъектілері және тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері кірді.
Бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы нормативтердің бұзылғаны анықталды: өнімнің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, көрсетілген сипаттамалар мен құрамға, сондай-ақ таңбалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмейді.
https://nege.kz/news/kazakstanda-tutinushilar-kukigin-korgau-boyinsha-aleumettk-zhoba-ske-kosildi-b383e0