2024 жылғы 23 қаңтарда Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар ТЫНЫСБЕКОВТІҢ төрағалығымен Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті.
2023 жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылардың келіп түскен өтініштерін талдау қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.