Сапасы төмен және қауіпті өнімдерді анықтау мақсатында министрлікте 2023 жылдың сәуір айынан бастап Ахуалдық штаб жұмыс істейді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
«Барлық өңірлерде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдар Ұлттық сараптама орталығының өкілдерімен бірлесе отырып, импортталатын сүт өнімдерін, құс етін, шұжық өнімдерін, ірімшік, май және күнбағыс майын іріктеп алып, сараптамаға ұсынды», - делінген хабарламада.
Бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша 200-ден астам өнім түрлері (сүт, кілегей, айран, сары май, күнбағыс майы, сүзбе, ірімшік, құс еті, балық, шұжық өнімдері) зерттелді.
https://vecher.kz/itogi-raboty-podvel-situatsionnyi-shtab-mintorgovli-rk-1706000577