Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1535 өтініш түсті. Оның ішінде 324-жазбаша, 17-Telegram арқылы, жеке қабылдауларда - 520, жедел желі бойынша - 674. Атап айтқанда, бөлшек сауда қызметтеріне 1461 өтініш (сапасыз қызмет көрсету, бағаның сәйкес келмеуі, тауарды айырбастаудан және қайтарудан бас тарту мәселелері), ТКШ – 69 қызметтері (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау мәселелері) қатысты болды. Департаменттің құзыретіне 1447 өтініш қаралды және қанағаттандырылды, түсіндірілді – 14, басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді - 74 өтініш. Департамент қабылдаған шаралардың нәтижесінде 105 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, ескертулер берілді.