Еліміздің басты заңына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде айқындап, оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатындығы айтылған. Осыған байланысты нарықтық қатынастарда тұтынушыны барынша қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға үнемі жүйелі түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырылады. Бұл ретте уәкілетті орган заң жобасын әзірлеп, ол елдің ақпараттық алаңында белсенді талқыланып, мәжілісте қаралуда.Заң жобаларында ұсынылған түзетулер бизнестің жауапкершілігін арттыруға және халықтың – әрқайсымыздың, барлық 19 млн. қазақстандықтың тұтыну құқығын қорғауға бағытталған.
https://zhanaqorgan-tynysy.kz/zanalyk/24514-ttynushylardy-iglg-shn.html