Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы А. Сағидолдиннің төрағалығымен сапасыз және қауіпті тауарларды анықтау бойынша өңірлік штаб өткізілді.
Өңірлік штаб отырысына Абай облысы бойынша "Атамекен" Ұлттық Палатасының, "Семей" филиалының "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ, "Қорғаушы" тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ҚБ, Абай облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық департаменттің өкілдері қатысты.
Өңірлік штабтың қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін сапасыз және қауіпті тауарларды анықтау және оларға сараптама жүргізу алгоритмі келісілді. Жұмыс қорытындысы бойынша ақпарат ҚР ККМ тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жіберіледі.
https://semeyainasy.media/2023/09/27/v-departamente-torgovli-i-zashhity-prav-potrebitelej-po-oblasti-abaj-organizovan-regionalnyj-shtab/