2023 жылғы 11 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейінгі кезеңде тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне және сауда министрлігінің аумақтық департаменттеріне 619 өтініш келіп түсті, оның ішінде 240 өтініш (38%) бойынша құқықтық көмек көрсетілді, 161 өтініш (26%) бойынша қанағаттанарлық шешімдер қабылданды, 168 өтініш құзыреті бойынша өзге мемлекеттік органдарға қайта жіберілді. Тұтынушылардың құқықтары 49 млн теңгеге қорғалған, деп хабарлайды prosud.kz.