Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2023 жылдың 8 айындағы жұмысты қорытындылады, деп хабарлайды 018.kz.
Жыл басынан бері Департаментке 393 өтініш келіп түсті. Тұтынушыларға қайтарылуға жататын жалпы сома 20 млн. теңгеден асты. Оның ішінде 10 657 711 теңге қайтарылды.
Ең көп өтініштер саны бөлшек сауда бойынша түсті – 199 өтініш, қайтарылды - 5 507 402 теңге.
Өтініштер саны бойынша екінші орынды электрондық сауда алады– 96 өтініш, тұтынушы 1 635 438 теңге қайтарылды.