Маңғыстау облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне ағымдағы жылдың 6 айында 862 (277) өтініш жолданды. Осыған сәйкес, телеграм-бот-27(17) арқылы жеке қабылдау нәтижесінде 224(89) өтініш қаралды, 332 (98) сенім телефоны бойынша кеңес берілді. Департаментпен барлығы 862(277) өтініш қаралды. Оның ішінде 480(33) қанағаттандырылды, 322 (221) өтініш бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте өңірлік сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Рауан Мұхаев мәлімдеді.
Спикер департамент өткізген іс-шаралар туралы ақпаратпен бөлісті.
"Барлығы: бөлшек сауда қызметтері саласында-458; қоғамдық тамақтандыру саласында-44, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері саласында-74, тұрмыстық қызметтер саласында-57, медициналық қызметтер саласында-17, қаржылық қызметтер саласында-4, байланыс қызметтері саласында-12, білім беру қызметтері саласында-8, көлік қызметтері саласында-18 электрондық сауда саласында-157, туристік қызметтер саласында-13 өтініш", - деді Рауан Мұхаев.
Бұдан басқа, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызмет шеңберінде келіп түскен өтініштерге талдау жүргізілді. Азаматтардың құқықтық сауаттылығының болмауы, спикер айтқандай, тараптардың жанжалдарды шешуде қиындықтарға тап болуына ықпал етеді. Сонымен қатар, дауларды шешу кезінде әрекет алгоритмін білмеу төмен нәтижеге әкеледі. Саланың оң жұмыс істеуіне жәрдемдесу мақсатында 2021 жылдан бастап eOtynysh тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.