Меню

Страницы

Статья

Тұтынушылардың құқығын қорғау күшейтіледі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Сауда және интеграция министрлігінің облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Байқадам Дүйсенбаев заң жобасын жан-жақты жеткізді.

Заңға енгізілетін өзгерісте тұтынушылардың шағымдарын қараудың бюрократиялық төрт сатылы алгоритмі екі сатылы алгоритмге жеңілдетілмек. Яғни, тұтынушы кәсіпкерге жүгінуге міндетті, егер оның талаптары ескерілмесе, ол өз таңдауы бойынша медиатор, мемлекеттік орган немесе сот арасында өз қорғанысын жүзеге асыру тәсілін таңдайды. Кәсіпкерлік субъектілерін тұтынушының заңды талаптарын ерікті түрде қанағаттандыруға ынталандыру мақсатында соттың шешімі бойынша тұтынушының пайдасына айыппұл түрінде азаматтық құқықтық жауапкершілік енгізіледі. Заңда қаралатын осындай негізгі жаңалықтарды атап өткен Байқадам Еркінбекұлы департаменттің биылғы 7 айда атқарған жұмысына тоқталды.

– Департаментке биылғы жарты жылда сауда үстемесінің мөлшерін арттыру бойынша 17 өтініш түсті. Соған орай, жоспардан тыс тексеріс ашылып, 9 кәсіпкерлік субъектісі ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға бұзушылықты жою туралы ұйғарымдар берілді. Облыс аумағында баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау бойынша өңірлік комиссия құрылды. Оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдар енгізілген. Департамент пен облыстағы мүдделі органдардың бірлесіп жұмыс істеуі нәтижесінде жыл басынан бері 29 факті анықталды. Сонымен қатар, 100-ге жуық кәсіпкерлік субъектілеріне сауда үстемесін сақтау бойынша мониторинг жүргізіліп, өңірлік комиссия қарауына ұсынылды. Нәтижесінде, анықталған кемшіліктер жойылды. Департамент өңірдегі ірі сауда орындарына, базарларға және үй маңындағы дүкендерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Негізсіз баға өсімі байқалса, тиісті заңнама нормалары түсіндіріледі. Мониторинг аптасына екі рет жүргізіліп, облыстағы 50-ге жуық сауда орындарын қамтиды, – деді Байқадам Дүйсенбаев.

 

Толығырақ: https://aqjolgazet.kz/159493/tytynushylardyn-qyqygyn-qorgau-k%D2%AFshejtiledi/taraz-qalasyi/ 

Дата публикации
14 августа 2023
Дата обновления
14 августа 2023
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
02 апреля 2026
В ЕАЭС приняли программу защиты прав потребителей в условиях цифровой трансформации
Ақпарат
02 апреля 2026
Автосалон продал подержанный автомобиль под видом нового в Шымкенте
Пайдалы ақпарат
02 апреля 2026
Елордада 48 млн теңге тұтынушыларға қайтарылды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы