Меню

Страницы

Статья

ИНТЕРНЕТ ДҮКЕННЕН ТАУАРҒА ТАПСЫРЫС БЕРГЕНДЕ САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Ресми мәліметтерге сәйкес, электронды дүкендердегі сауда 2022 жылы 33 пайызға артқан. Ел азаматтары түрлі маркетплейстерде 50 миллион рет сауда жасаған. Жұмсалған қаржы 1 триллион 300 миллиард теңге. Статистикаға сәйкес, тіпті, азық-түлік пен дәрі-дәрмектің өзін онлайн тапсырыс беріп, үйге алдыртатындар 5 есе көбейген.

Алайда тұтынушылардың  интернет дүкеннен алған тауарлары сапаға сай келмей жататын жағдайда кездесіп және осы кезде азаматтар тауарды немесе қаржысын қайтарып берудің жолдарын тұтынушылар құқығын қорғау саласының мамандарына өтініш білдіріп, жүгініп келеді.

Осы орайда, Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Аманжолұлы Ғазиз «De-facto fm» инклюзивті интернет-радиосының жетекшісі, қоғам белсендісі Гульвира Таубалдиновамен Instagram желісі арқылы тікелей эфир өткізіп, тұтынушылар құқықтарын қорғау оның ішінде, интернет дүкеннен алған сапасыз тауараларды қайтару жолдары түсіндірілді.

Департамент маманының айтуынша интернет дүкендерінен сатып алу кезінде тұтынушы құқығының бұзылуына қатысты тұтынушыға тауар, ақша төлеу, жеткізу, қайтарып беру немесе айырбастау жолдары  туралы ақпарат бермеу, сатушы туралы ақпарат бермеу, тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту, тұтынушыларды алдау, тауардың қауіпсіздік талаптарына жауап бермеуі, сапасыз тауар ұсыну, тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттарды ұсынбау,  сатушылардың тауарларды жеткізу мерзімін сақтамауы, шағымға жазбаша жауап бермеу фактілері сияқты заңбұзушылықтарды кездеседі. Осы орайда тұтынушы мәселені өздігінен шеше алмаса, өңірлердегі сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген жөн деп атап өтті.

Тағы бір маңызды жаңалық, ағымдағы жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң жобасы жаңа редакцияда Парламент Мәжілісіне енгізілді.

Заң жобасында қоғамдық институттарды күшейту, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін дебюрократияландыру, онлайн сауда сегментін қоса алғанда, нарық субъектілері арасындағы дауды ерікті түрде шешуге ынталандыру мақсатында бизнестің азаматтық құқықтық жауапкершілігін енгізу ұсынылады.

Онлайн саудаға қатысты заң жобасында тауарларды сату мақсатында пайдаланылатын интернет-ресурстарды «сауда объектілеріне» енгізу ұсынылады.

Өз кезегінде бұл онлайн сауда сегментіндегі құқықтық дәлсіздіктерді жоюға мүмкіндік береді

Бұдан басқа, «электрондық коммерция» термині бойынша анықтаманы кеңейту ұсынылады, бұл ұялы телефонға түрлі қосымшаларда тапсырыс беру кезінде қызметтер мен жұмыстарды тұтынушылардың құқықтарын бұзу мәселелерін реттеуге мүмкіндік береді.

Тұтынушылардың құқықтары жайында ұйымдастырылған тікелей эфир қорытындысында оқырмандар өздерінің құқықтары жайлы нақты ақпараттар алып, жоғарыда аталған заң жобасы жайлы түсіндірілді. Тікелей эфир департамент тарапынан алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

 

Толығырақ: https://bsh.kz/news/19265?fbclid=IwAR1DTgNBwn7_m28BRYvroNigEmSNBq2sB8DRCSc2hRKhN3bO99PuneDZ_Tk 

Дата публикации
14 августа 2023
Дата обновления
14 августа 2023
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
02 апреля 2026
В ЕАЭС приняли программу защиты прав потребителей в условиях цифровой трансформации
Ақпарат
02 апреля 2026
Автосалон продал подержанный автомобиль под видом нового в Шымкенте
Пайдалы ақпарат
02 апреля 2026
Елордада 48 млн теңге тұтынушыларға қайтарылды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы