Меню

Страницы

Статья

ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ-АҚ ТҰТЫНУШЫ РЕТІНДЕ ШАҒЫМ ТҮСІРІҢІЗ!

Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда онлайн-платформалар арқылы жүгіну мүмкіндігі туралы өтініш білдірген азаматтар аз емес. Сіз сапасыз тауар немесе қызмет көрсету кезінде үйден шықпай-ақ шағым бере алатыныңызды білесіз бе?

Бұл туралы Талдықорған қаласының мансап орталығында (бұрынғы жұмыспен қамту орталығы) сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің облыс бойынша бас маманы Жетісу Аманжолұлы Ғазиз орталыққа келген қызмет алушыларға жүргізілген консультация кезінде хабарлады.

Департамент маманы өз сөзінде " Қазақстанда тұтынушыларға шағымдануға арналған портал бар e-tutynushy.kz. бұл сайтта кез-келген тұтынушы белгілі бір сатушыға қатысты өз мәлімдемесін қалдыра алады. Шағымды қарау тәртібі келесідей, тұтынушы өтініш қалдырады, сатушы 10 күн ішінде тұтынушымен мәселені шешеді, оның барысында, егер мәселе шешілмесе, мемлекеттік органдар көмектеседі. Айта кету керек, егер тұтынушы мен сатушы арасындағы дау өзара шешілмесе, соттың көмегіне жүгінуге тура келеді.

Айта кету керек, біздің әрқайсымыз тұтынушы. Сондықтан, егер сіз сатып алған тауар, көрсетілген қызмет сапасыз болып шықса немесе сізге қайтарусыз және ауыстырусыз жеткізілмесе, Жетісу облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне аласыз. Сондай-ақ Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларымызға, Facebook, жеделхат-ботқа жазылып, дайректке жазуға болады. Платформалар арқылы да өтініш беруге болады eotinish.kz және e-Tutynushy.kz Біздің мекен - жайымыз: Талдықорған қаласы, Абай көшесі 295 (бұрынғы АХАЖ ғимараты).

Толығырақ: https://bsh.kz/news/19266?fbclid=IwAR3m9YAJVYRK7kJhVH26RXKPXkSZWQFCKX88EZP1xA9fsaA6JVqJGBYj_bM 

Дата публикации
14 августа 2023
Дата обновления
14 августа 2023
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
02 апреля 2026
В ЕАЭС приняли программу защиты прав потребителей в условиях цифровой трансформации
Ақпарат
02 апреля 2026
Автосалон продал подержанный автомобиль под видом нового в Шымкенте
Пайдалы ақпарат
02 апреля 2026
Елордада 48 млн теңге тұтынушыларға қайтарылды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы