Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшелері қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
- Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметі тиімділігінің түйінді көрсеткіштерін есептеу жөніндегі әдістемесі бекітілсін.
- Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары осы бұйрықты мүлтіксіз орындауға қабылдасын.
- Комитеттің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы талдау және мониторинг басқармасы:
1) осы бұйрықты қол қойылған сәттен бастап он жұмыс күн ішінде Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жолдауды;
2) осы бұйрықты Комитеттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары А.А. Әбжаппаровқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.