Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
Осы Заң тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дайындаушы – Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізу үшін (дербес немесе үшінші тұлғалар арқылы) оларды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, оның ішінде шетелдік кәсіпкерлік субъектісі;
2) дайындаушы уәкілеттік берген тұлға – дайындаушымен, оның ішінде шет елмен жасалған шарт негізінде тұтынушылардың тауардың кемшіліктеріне қатысты талаптарын қабылдауға, қарауға және қанағаттандыруға уәкілетті, оның тауарын Қазақстан Республикасының аумағында өткізу кезінде дайындаушының атынан іс-қимылдарды жүзеге асыруға, тауарға меншік құқығын өндірушіден тұтынушыға ауыстыруды қамтамасыз етуге, тұтынушылармен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің субъектілерімен қатынастарда дайындаушының мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген кәсіпкерлік субъектісі;
3) жарамдылық мерзімі – тауар немесе жұмыс нәтижесі мақсаты бойынша пайдалану үшін жарамды деп саналатын уақыт кезеңі;
4) жұмыс – тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелері материалдық-заттай сипатқа ие қызмет;
5) импорттаушы – тауарды Қазақстан Республикасының аумағында кейіннен өткізу үшін (дербес немесе үшінші тұлғалар арқылы) оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі;
6) кемшілік – тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) техникалық регламенттердің, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына, тұтынушымен шарт ережелеріне, сондай-ақ тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы сатушы (дайындаушы, орындаушы) ұсынған ақпараттың сәйкес келмеуі;
7) кепілдік мерзімі – тауар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) дайындалған, сатып алынған (жұмыс орындалған, қызмет көрсетілген) күннен бастап есептелетін, осы уақыт кезеңі ішінде тауар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) тиісінше пайдаланылған, сақталған жағдайда, сатушы (дайындаушы, орындаушы) оның қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік беретін, сатушы (дайындаушы, орындаушы) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта күндермен, айлармен, жылдармен белгіленген уақыт кезеңі немесе сағаттармен, іске қосылу циклдарымен, жол жүру километрлерімен немесе осыған ұқсас өзге де көрсеткіштермен белгіленген атқарым;
8) көрсетілетін қызмет – нәтижелері материалдық сипатта болмайтын тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет, оның ішінде тұтынушылардың меншігіне өтпеген кезде оларға тауарлар беру;
9) қызмет ету мерзімі – тауарды (жұмыс нәтижесін) мақсаты бойынша пайдалануға болатын, тауардың (жұмыс нәтижесінің) функционалдық мақсатына қарай заңнамада немесе шартта көзделген күндермен, айлармен, жылдармен белгіленген уақыт кезеңі немесе сағаттармен, іске қосылу циклдарымен, жол жүру километрлерімен немесе осыған ұқсас өзге де көрсеткіштермен белгіленген атқарым;
10) орындаушы – тұтынушымен өтеулі шарт бойынша жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі;
11) сақтау мерзімі – белгіленген сақтау шарттары сақталған кезде тауар (жұмыс нәтижесі) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілер мен стандарттау жөніндегі құжаттарда және (немесе) тұтынушымен жасалған шартта көрсетілген қауіпсіздікті, сапасын, қасиеттері мен сипаттамаларын сақтайтын уақыт кезеңі;
12) сатушы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушыға тауарды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі;
13) тауар – тұтынушыға өткізуге арналған, материалдық-заттай немесе электрондық нысанда ұсынылған дайындаушының өнімі немесе жұмысты орындаушы қызметінің нәтижесі;
14) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігі – тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, сондай-ақ қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиян келтіру немесе зиян келтіру мүмкіндігіне жол берілмейтін қатердің болмауы;
15) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы – тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне қатысты тауар (жұмыс, қызмет) сипаттамаларының жиынтығы;
16) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжат – қағаз немесе электрондық нысанда берілген бақылау (тауарлық) чегі не кассалық кіріс ордерінің түбіртегі, жыртылатын талон түбіртегі, төлем туралы мәліметтерді қамтитын өзге де құжат;
17) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) жасырын кемшілігі – әдетте тауарды қабылдау процесінде қолданылатын тексеру кезінде анықталмайтын кемшілік (ақау);
18) тауарды алуға (жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге) сертификат (бұдан әрі – сертификат) – тұтынушының сертификатта көрсетілген номиналды құн шегінде тауарды алуға (жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге) құқығын (талап етуін) куәландыратын құжат. Осы Заңда сертификат ол бойынша сатып алынатын тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) теңестірілген;
19) тұтынушы – жеке, отбасында, үй ішінде және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға ғана арналған тауарға (жұмыс нәтижесіне, көрсетілетін қызметке) тапсырыс беру немесе соларды сатып алу ниеті бар не тапсырыс беретін, сатып алатын және пайдаланатын (пайдаланылған) жеке тұлға;
20) тұтынушылардың қоғамдық бірлестігі – тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған заңды тұлға;
21) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес – тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган құрайтын консультативтік-кеңесші орган;
22) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығы (одағы) (бұдан әрі – қауымдастық (одақ)) – өз мүшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету және олардың ортақ мүдделерін қорғау үшін құрылатын, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің ерікті бірігуі;
23) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
24) тұтынушылық шарт (бұдан әрі – шарт) – тұтынушы мен сатушы (дайындаушы, орындаушы) арасындағы тауарды (жұмысты орындаудың/тапсырудың, қызметті көрсетудің/алудың) өткізу/сатып алудың сапасы, мерзімі, бағасы, төлеу нысаны мен тәртібі және басқа да шарттары туралы ауызша немесе жазбаша келісім;
25) электрондық коммерция – электрондық саудадағы кәсіпкерлік қызмет, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету;
26) электрондық сауда алаңы – электрондық коммерцияға қатысушыларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ететін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, олардың арасында тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған шарттар жасасатын интернет-ресурс.
2-бап. Қазақстан Республикасының
тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасы
Тұтынушылардың өзге де құқықтары және оларды қорғау ерекшеліктері, сондай-ақ орындаушылардың кәсіпкерлік субъектілері көрсететін қызметтер саласындағы осы Заңда реттелмеген өзге де міндеттері осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
3-бап. Осы Заңды қолдану мақсаттары, негізгі қағидаттары
және тұтынушылардың құқықтарын қорғау тәсілдері
1) заңдылық және жариялылық;
2) тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыспен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету;
3) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларды ағарту және құқықтық сауаттылығын арттыру;
4) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;
5) сатушы (дайындаушы, орындаушы) ұсынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпараттың қолжетімділігі және анықтығы;
6) сатушылардың (дайындаушылардың, орындаушылардың) шарттарда тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және (немесе) оларға нұқсан келтіретін талаптарға жол бермеу;
7) тұтынушылардың әл-ауқатын арттыру үшін олардың экономикалық мүдделеріне жәрдемдесу;
8) тұтынушылар туралы дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
1) тұтынушының құқықтарын тану;
2) тұтынушының құқықтары бұзылғанға дейін болған жағдайды қалпына келтіру;
3) сатушының (дайындаушының, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, орындаушының) міндеттерін атқаруды қамтамасыз ету;
4) тұтынушының құқықтарын бұзатын сатушының (дайындаушының, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, орындаушының) әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кесу;
5) тұтынушының құқықтарын бұзған сатушыны (дайындаушыны, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаны, орындаушыны) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікке тарту;
6) тұтынушының құқығын бұзған сатушыдан (дайындаушыдан, дайындаушы уәкілеттік берген адамнан, орындаушыдан) келтірілген залалды, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тұтынушымен шартта көзделген жағдайларда, тұрақсыздық айыбын өндіріп алу;
7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады.
2-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ЖҮЙЕСІ. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау субъектілері мен жүйесі
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;
4) сот;
5) Қазақстан Республикасында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі омбудсмен (бұдан әрі – Омбудсмен);
6) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) және тұтынушылар мүдделерінің басқа да өкілдері;
7) тұтынушылық дауларды соттан тыс реттеу субъектілері;
8) кәсіпкерлік субъектілері;
9) тұтынушы болып табылады
тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шаралар (консультация беру, қоғамдық мониторинг, тұтынушыларды ағарту және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, уәкілетті орган, Омбудсмен және тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері туралы ақпаратты орналастыру);
тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған сатушының (дайындаушының, орындаушының) оларды сотқа дейінгі тәртіппен ерікті түрде қалпына келтіруі, оның ішінде тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (нұқсанды, зиянды) өтеуі;
сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен шешпеген жағдайда, сотпен немесе тұтынушылық дауларды соттан тыс реттеу субъектілерімен (төрелік, медиатор) соттан тыс тәртіппен тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, келтірілген залалды (нұқсанды, зиянды), оның ішінде тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан болған зиянды өтеу;
тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған сатушыларды (дайындаушыларды, орындаушыларды) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тарту.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұтынушылардың
құқықтарын қорғау саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың бағыттарын әзірлейді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) осы Заңда және өзге де заңнамалық актілерде белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы, оның ішінде тұтынушылардың өтініштерін, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың және тұтынушылық дауларды соттан тыс реттеу субъектілерінің қызметін талдау негізінде істердің жай-күйі туралы баяндама ұсынады, ол бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады;
4) тұтынушылардың өтініштері бойынша біртекті мәселе жөніндегі топтардың (кемінде бес), сондай-ақ тұтынушылардың айқындалмаған тобының (фактілер анықталған немесе ақпарат болған кезде) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде оларды қорғау үшін талап-арызбен сотқа жүгінеді;
5) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреті
Кәсіпкерлік субъектілері тұтынушыларға көрсететін (орындайтын) қызметтер (жұмыстар) салаларында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушылардың құқықтарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) өздері реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде тұтынушылардың өтініштері бойынша біртекті мәселе жөніндегі топтардың (кемінде бес), сондай-ақ тұтынушылардың айқындалмаған тобының (фактілер анықталған немесе ақпарат болған кезде) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде олардың өтініштері бойынша қорғау үшін талап-арызбен сотқа жүгінеді;
3) жыл сайын уәкілетті органға тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы, оларды қарау нәтижелері туралы келіп түскен өтініштер бойынша мәліметтерді ұсынады;
4) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша хабардар етуді, консультация беруді, ағартуды және құқықтық сауаттылығын арттыруды жүзеге асырады;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру;
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
1) қолма-қол (жеке қолын қойғызып) – алғаны туралы ұсынымға белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – тапсырысты хатпен пошта жөнелтімін алғаны туралы хабарланған күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен – уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің хатында көрсетілген бақылау субъектісінің уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері электрондық мекенжайына жіберген күннен бастап.
9-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері
жөніндегі ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ақпараттық жүйе (шағымдардың электрондық кітабы) уәкілетті орган жүзеге асыратын Омбудсменнің, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, қауымдастықтардың (одақтардың) және тұтынушылық дауларды соттан тыс реттеу субъектілерінің, кәсіпкерлік субъектілерінің (олар онда тіркелген болса) тұтынушылардың өтініштерін қарау нәтижелерінің мониторинг процесін автоматтандыруға арналған.
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ
ОМБУДСМЕН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
10-бап. Қазақстан Республикасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша омбудсмен қызметінің мақсаттары мен қағидаттары
1) заңдылық;
2) тәуелсіздік және әділеттік;
3) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
4) объективтілік және бейтараптық;
5) жариялылық.
11-бап. Омбудсменді тағайындауға, босатуға қойылатын талаптар, оның қызметіне байланысты шектеулер мен кепілдіктер
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы бар болуы және соңғы он жылда оның аумағында тұрақты тұруы;
2) жоғары білімінің болуы;
3) жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
4) отыз бес жастан кіші болмауы;
5) қазақ және орыс тілдерін меңгеруі.
1) осы Заңда белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтамау;
2) Омбудсменнің қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
3) оған қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;
4) Омбудсменді әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
5) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы;
6) басқа лауазымға тағайындау, сайлау немесе басқа жұмысқа ауысу;
7) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету;
8) атқаратын лауазымынан босату туралы өтініш.
12-бап. Омбудсменнің құқықтары мен міндеттері
1) осы Заңның 2-бабына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың және техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
2) Қазақстан Республикасында тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында халықаралық, өңірлік және шетелдік құқық қорғау ұйымдарымен, оның ішінде келісімдер (меморандумдар) жасасу жолымен ынтымақтасуға;
3) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сот практикасы мәселелері бойынша ұсыныстармен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жүгінуге;
4) тұтынушылардың айқындалмаған тобының (өтініштерсіз, фактілер анықталған немесе ақпарат болған кезде) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін талап қоюмен сотқа жүгінуге;
5) тұтынушыларға консультациялық көмек және өкілдік қызметтер көрсетуге;
6) заңнамалық актілерде тыйым салынбаған, тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған өзге де шараларды қабылдауға құқылы.
1) тұтынушылардың өтініштерін қарауға;
2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы істердің жай-күйі туралы оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстармен жыл сайынғы талдамалық баяндаманы дайындауға және бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға және Қазақстан Республикасының Президентіне қарауға ұсынуға;
3) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға осы Заңды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұза отырып, қабылданған шешімдерді (актілерді) тоқтата тұру және (немесе) олардың күшін жою туралы ұсынымдар енгізуге;
4) тұтынушылардың құқықтарын бұзуға кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тарту мақсатында мемлекеттік және құқық қорғау органдарына жүгінуге;
5) тұтынушылар арасында ақпараттық және ағарту жұмыстарын жүргізуге, олардың құқықтық сауаттылығын арттырумен айналысуға міндетті.
4-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІ, ҚАУЫМДАСТЫҚТАРЫ (ОДАҚТАРЫ) ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАР МҮДДЕЛЕРІНІҢ БАСҚА ДА ӨКІЛДЕРІ
13-бап. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері
14-бап. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің,
қауымдастықтарының (одақтардың) құқықтары
1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді, стандарттау жөніндегі құжаттарды және техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысуға;
2) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігі мен сапасы туралы қоғамдық пікірді зерделеу, оның тұтынушылық қасиеттерін зерттеу, бұқаралық ақпарат құралдарында тұтынушылардың проблемалары мен құқықтары туралы ақпаратты зерттеу және тарату үшін халыққа сауалнама жүргізуге;
3) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) қауіпсіздігін және (немесе) сапасын, сондай-ақ тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тұтынушылық қасиеттерінің олар туралы, оның ішінде қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар) мәлімдеген ақпаратқа сәйкестігін тәуелсіз тексеруге (сараптауға) бастамашылық жасауға;
4) тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы туралы өтініштерін қабылдауды жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен соттарда, уәкілетті органда, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда, сондай-ақ өзге де ұйымдарда тұтынушылардың мүдделерін білдіруге және жүгінуге;
6) тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайларда олардың өтініштері бойынша, сондай-ақ тұтынушылардың айқындалмаған тобының мүдделері (бұзушылық фактілері анықталған немесе ақпарат болған кезде), тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қоюға;
7) тұтынушыларға заңдық және консультациялық көмек көрсету, өзі мен кәсіпкерлік субъектісі арасындағы жанжалдарды сотқа дейінгі және (немесе) соттан тыс тәртіппен шешу кезінде тұтынушының мүдделерін білдіру;
8) Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамдық кеңестердің жұмысына қатысуға;
9) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де шараларды қабылдауға құқылы.
Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
1) тұтынушылар өтініштерінің саны мен мазмұны;
2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат ұсынады.
15-бап. Тұтынушылар мүдделерінің өкілдері
1) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар);
2) Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасына сәйкес заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адвокаттар немесе заң консультанттары.
Өкілдік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылар мүдделерінің өкілдері мүдделер қақтығысын болғызбау жөнінде шаралар қабылдайды. Мүдделер қақтығысы – бұл өкілдің жеке мүдделері мен тұтынушылардың мүдделері арасындағы қайшылық, бұл өкілдік қызметтерді көрсетпеуге немесе сапасыз көрсетуге әкелуі мүмкін.
Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде және Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасына сәйкес негіздер болған жағдайларда, тұтынушының мүдделерін білдіретін өкіл өкілдік қызметтер көрсетуден бас тартуға міндетті.
Тұтынушылардың мүдделерін білдіру көрсетілетін өкілдік қызметтерге ақы төлеу мерзімдерін, сомасы мен шарттарын, сондай-ақ тұтынушының атынан өкіл жасайтын іс-қимылдар тізбесін міндетті түрде көрсете отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.
Тұтынушылардың мүдделерін білдіру бойынша қызмет көрсету шараларын таңдау тұтынушының мүдделерін негізге алуға тиіс.
5-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ
16-бап. Тұтынушылардың негізгі құқықтары
1) тауарларды сатып алуға (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) арналған еркін шарт жасасуға;
2) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша ағартуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға;
3) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық және шынайы ақпарат алуға;
4) қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға;
5) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға;
6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына;
7) тауарды алмастыруға, ауыстыруға немесе қайтаруға;
8) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сертификат бойынша алуға, мұндай сертификатты, оның ішінде олардың атына жазып берілген сертификатты иеліктен шығаруға, сертификатта көрсетілген және тұтынушының қажеттіліктеріне сай келетін тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) болмаған жағдайда қайтаруды жүзеге асыруға;
9) кемшіліктері бар тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу (орындау, көрсету) салдарынан олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалдарды (нұқсанды, зиянды), сондай-ақ моральдық зиянды өтетуге;
10) сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алуға;
11) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) сатып алынған (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігі мен сапасы жөнінде наразылық білдіруге;
12) Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес дербес деректерінің қорғалуына;
13) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;
14) өздерінің құқықтарын және (немесе) заңды мүдделерін бұзған адамдарды жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша уәкілетті органға, мемлекеттік органдарға жүгінуге;
15) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін Омбудсменге, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне, қауымдастықтарға (одақтарға), тұтыну дауын соттан тыс реттеу субъектілеріне, сотқа жүгінуге;
16) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
17-бап. Тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) нұқсан келтіретін шарт талаптарының жарамсыздығы
Шарт талаптарының жарамсыздығы туралы дау туындаған жағдайда, оны жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) нұқсан келтіретін талаптарды қамтитын шарттың жарамсыздығын сот тұтастай немесе оның бір бөлігін белгілейді.
Тұтынушыны тауарларды сатып алуға (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) шарттар жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.
1) сатушыны (дайындаушыны, орындаушыны) тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кемшіліктері үшін, сондай-ақ тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген жағдайда жауапкершіліктен босату немесе оны негізсіз шектеу;
2) сатушы (дайындаушы, орындаушы) шарттық міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тұтынушының құқықтарын болғызбау немесе шектеу;
3) сатып алынатын (тапсырыс берілетін, алынатын) тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) қосымша өтеулі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу бойынша тұтынушының міндеттерін белгілеу;
4) шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда тұтынушының тұрақсыздық айыбының мөлшерлес емес үлкен сомасын (тауар, көрсетілетін қызмет, жұмыс құнының отыз пайызынан астам) төлеуі жөнінде талап белгілеу;
5) қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалана отырып төлемдерді қабылдау кезінде қолма-қол ақшамен төлеу кезінде олардың бағасынан ерекшеленетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны белгілеу;
6) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) шартты өзгерту және бұзу негіздері мен тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамай, шартты біржақты тәртіппен өзгерту және (немесе) бұзу құқығын беру;
7) шарт бұзылған жағдайда сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өзінің кінәсінен берілмеген тауар (көрсетілетін қызмет, жұмыс) үшін төленген ақша сомасын қайтармау құқығын беру;
8) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) тұтынушыға шартты бұзу құқығын бермей бағаны ұлғайту мүмкіндігін беру;
9) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) шарт талаптарына сәйкестігін айқындау құқығын беру немесе оған шартты түсіндіру құқығын беру;
10) сатушының (дайындаушының, орындаушының) өкілдері қабылдаған міндеттемелер бойынша оның жауапкершілігін шектеу;
11) егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда тұтынушының барлық міндеттемелерді орындау міндетін белгілеу;
12) міндеттемедегі адамдардың ауысуы туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамай сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаға ұсыну құқығын беру;
13) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормаларын сақтамай тұтыну дауын шешу орнын айқындау құқығын беру;
14) тұтынушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және (немесе) нұқсан келтіретін өзге де талаптар.
Осы тармақта көрсетілген тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарға тұтынушымен шарт жасасу кезінде жол берілмейді.
18-бап. Тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғау мәселелері бойынша тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және ағарту құқығы
1) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын түсіндіру;
2) белгілі бір азық-түлік тауарларын пайдалану кезінде туындайтын аурулар және өмір мен денсаулық үшін ықтимал салдарлар туралы толық және сенімді ақпарат;
3) белгілі бір азық-түлік емес тауарларды (жұмыс мен қызметтерді алу нәтижелері) пайдалану және көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өмір мен денсаулық үшін ықтимал тәуекелдер туралы толық және сенімді ақпарат;
4) жалған және контрафактілік тауарларды тексеру және анықтау тәсілдері туралы толық және сенімді ақпарат;
5) электрондық коммерцияның ерекшеліктері туралы мәліметтер;
6) тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын тексеру тәсілдері туралы толық және сенімді ақпарат;
7) жұмыстардың немесе қызметтердің кейбір түрлерінің нәтижелерін қабылдау/алу ерекшеліктері туралы толық және сенімді ақпарат;
8) тауарларды таңбалаудың тәсілдері мен түрлері туралы мәліметтер;
9) тұтынушылардың құқықтары бұзылуының нақты жағдайлары, олардың алдын алу және тұтынушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөнінде қабылданған шаралар туралы толық және сенімді ақпарат;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де ақпарат.
19-бап. Тұтынушылардың тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы,
сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық және сенімді ақпарат алу құқығы
тұтынушының қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға алып келсе, ол шарттан бас тартуға және өзіне келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы;
сатып алынған тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) мақсаты бойынша пайдаланудың мүмкін еместігін тудырса, тұтынушы тауарды сатып алған (жұмысты орындаған, қызметті көрсеткен) күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тиісті ақпарат беруді талап етуге құқылы. Егер ақпарат күнтізбелік үш күн ішінде берілмесе, тұтынушы шарттан бас тартуға және өзіне келтірілген залалдың өтелуін талап етуге құқылы;
тұтынушыға залал, сондай-ақ тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне залал, зиян келтіруге алып келсе, ол сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) осы Заңның 25 және 39-баптарында көзделген талаптарды қоюға құқылы.
20-бап. Тұтынушылардың қауіпсіз тауарды
(жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу құқығы
Тұтынушының тауарды (жұмыс нәтижесін, көрсетілетін қызметті) пайдалану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату кезінде оның тұтынушының өмірі, денсаулығы және (немесе) мүлкі, қоршаған орта үшін қауіпсіз болуына құқығы бар.
Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс талаптар міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.