Исх. № Б-31 от 13.01.2023, Вход № Д-139//Б-31 от 13.01.2023
Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
Астана қ. № 75 2023 жылғы 10 қаңтар
Төрағалық етті: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары –
Қаржы министрі Е.К. Жамаубаев
1. Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін
қалыптастыру және жарнама қызметі саласындағы реттеуші актілерді
қайта қарау жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде келіспеушіліктер
хаттамаларын қарау туралы
(Жамаубаев, Жақсылыков, Ержан, Бүркітбаев, Егізбаев, Сакуов, Қуанғанова)
- Парламент Мәжілісінің депутаты Қ.Т. Ержанның, Ұлттық
экономика бірінші вице-министрі Т.М. Жақсылықовтың, Денсаулық сақтау
вице-министрі Ж.Қ. Бүркітбаевтың, Ақпарат және қоғамдық даму вицеминистрі
С.Р. Егізбаевтың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атқарушы
хатшысы – басқарма мүшесі Н.Н. Сакуовтың, Қазақстан кәсіпкерлер
форумының жетекшісі Г.Ш. Қуанғанованың жарнама қызметі саласындағы
реттеу актілерін қайта қарауға қатысты:
1) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар
белгісінің және атауының жарнамасы;
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сыртқы (көрнекі)
жарнамасын орналастыруға тыйым салыну бөлігінде ақпараты назарға
алынсын.
2. Қолдау тапты:
1) Ұлттық экономика министрлігінің Қазақстан Республикасының
аумағында өндірілген шарапты және тауар белгісін жарнамалау жөніндегі
ұсынысы;
2) Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан кәсіпкерлер форумының
денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар мен мамандандырылған
басылымдарды қоспағанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың
жарнамасын орналастыруға тең құқықты шектеулер енгізу жөніндегі ұсынысы.
2. Егер тұтынушының құқығы бұзылып және тұтынушылардың
қоғамдық институтының сот тәртібімен талап қоюы бойынша бұл
бұзушылық сотқа дейінгі кезеңде жойылмаған жағдайда кәсіпкерлік
субъектілеріне айыппұл салу жөніндегі реттеушілік әсерді талдау
нәтижелерін қарау туралы
(Жамаубаев, Ержан, Төребаев, Сакуов)
- Парламент Мәжілісінің депутаты Қ.Т. Ержанның, Сауда және
интеграция вице-министрі Қ.Қ. Төребаевтың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер
палатасының атқарушы хатшысы – басқарма мүшесі Н.Н. Сакуовтың егер
тұтынушының құқығы бұзылып және тұтынушылардың қоғамдық
институтының сот тәртібімен талап қоюы бойынша бұл бұзушылық сотқа
дейінгі кезеңде жойылмаған жағдайда кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл салу
жөніндегі реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау туралы ақпараты
назарға алынсын.
2. Сауда және интеграция министрлігі әзәрлеген егер тұтынушының
құқығы бұзылып және тұтынушылардың қоғамдық институтының сот
тәртібімен талап қоюы бойынша бұл бұзушылық сотқа дейінгі кезеңде
жойылмаған жағдайда кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл салу жөніндегі
реттеушілік әсерді талдау нәтижелері мақұлдансын.
3. Бағалау қызметінде өзін-өзі реттеу жөніндегі реттеуші құралды қайта
қарау бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау туралы
(Жамаубаев, Кеңбейіл)
- Қаржы вице-министрі Д.М. Кеңбейілдің бағалау қызметінде өзін-өзі
реттеу жөніндегі реттеуші құралды қайта қарау бойынша реттеушілік әсерді
талдау нәтижелері туралы ақпараты назарға алынсын.
2. Бағалау қызметінде өзін-өзі реттеу жөніндегі реттеуші құралды қайта
қарау бөлігінде Қаржы министрлігі әзірлеген реттеушілік әсерді талдау
нәтижелері мақұлдансын.
4.Коммуналдық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын тұрғын үй
қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы
ақпараттандыру субъектілеріне міндеттемелерді енгізу бойынша,
орталықтандырылған алымның ақпараттық жүйесіне ақпарат беру
жөніндегі реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау туралы
(Жамаубаев, Щеглова, Сакуов, Қуанғанова)
- Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Д.Р. Щеглованың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атқарушы хатшысы – басқарма мүшесі Н.Н. Сакуовтың және Қазақстан кәсіпкерлері форумының басшысы Г. Ш. Қуанғанованың коммуналдық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру субъектілеріне орталықтандырылған алымның ақпараттық жүйесіне ақпарат беру жөніндегі міндеттемелерді енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелері туралы ақпараты назарға алынсын.
2. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген тұрғын үй қатынастары және коммуналдық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру субъектілеріне орталықтандырылған алымның ақпараттық жүйесіне ақпарат беру жөніндегі міндеттемелерді енгізу мәселесі бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелері пысықтауға жіберілсін.
3. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұлттық экономика, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (келісім
бойынша) бірлесіп, коммуналдық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру субъектілеріне орталықтандырылған алымның ақпараттық жүйесіне ақпарат беру бойынша міндеттемелер енгізу мәселесін қосымша пысықтасын.
ВАК төрағасы,
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары Е. Жамаубаев
ВАК хатшысы,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі департаментінің
директоры Э. Джамбулов