Қосымша 1
Құқықтық актінің жобасы бойынша жалпы ақпарат
|
№ п.п. |
Атауы |
Ескерту |
|
1. |
Реттеуші мемлекеттік органның/әзірлеуші органның құжатының жобасы |
Қазақстан Республикасы Заңының Жобасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
|
2. |
Құжат жобасының атауы (Қазақстан Республикасы Заңының атауы және бабы) |
190-бап. Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу |
|
3. |
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 81-бабының 2-тармағына сәйкес реттеуші құралдың атауы және (немесе) талаптары және (немесе) талаптары |
Кәсіпкерлік Кодекстің 81 - бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін белгілеу. |
|
4. |
Олардың негізінде реттеушілік әсерді талдау рәсімі жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының атауы, нөмірі және тармақтары |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 2030 жылға дейінгі 24-тармағы (орындаушылар СИМ, ҰЭМ, «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік органдар). |
|
5. |
Қажеттілік пен тәртіпті белгілейтін бұйрықтардың немесе Мемлекеттік органдардың басқа да нормативтік құқықтық актілерінің атаулары мен нөмірлері |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 24-тармағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасы үшін бизнестің жауапкершілігі туралы заңнаманы дамыту» (орындаушылар СИМ, ҰЭМ, «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік органдар). |
|
6. |
Міндетті талаптарды және/немесе реттеуші құралдарды қамтитын өзге құжаттың атауы мен нөмірі |
Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасы. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. |
|
7. |
Реттеу саласы |
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау. |
|
8. |
Міндетті мүшелікке (қатысуға)негізделген өзін-өзі реттеу енгізілетін қызмет саласы * міндетті мүшелікке (қатысуға)негізделген өзін-өзі реттеу енгізілген кезде толтырылады |
Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілмейді |
|
9. |
Әзірлеуші-орындаушының байланыс ақпараты |
+ 7 (7172) 75-16-33; +7 (7172) 75-06-14; +7 (7172) 74-98-49. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті |