Тұтынушы құқықтарының мәселелерi бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеу жүргiзу жөнiндегi есеп

 

 

Тұтынушы құқықтарының мәселелерi бойынша

әлеуметтік және талдамалық зерттеу жүргiзу жөнiндегi

есеп

 

(Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің» тапсырысы бойынша

«Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» ҚБ дайындаған)

 

Астана, 2022 ж.

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе  

3

1-БЛОК. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа

әлеуметтік сауалнама жүргізу   

 

5

Әдіснама

 

Әлеуметтiк-демографиялық блок

 

«Қазақстан Республикасында тұтынушылардың құқықтарын сақтау және қорғау» тақырыбындағы әлеуметтік сауалнама нәтижелері. 1-кесiндi

 

«Қазақстан Республикасында тұтынушылардың құқықтарын сақтау және қорғау» тақырыбындағы әлеуметтік сауалнама нәтижелері. 2-кесiндi

 

2-БЛОК. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы талдамалық зерттеу 

 

Қолданыстағы заңнаманың тиімділігін, тиісті қатынастардың реттелу деңгейін бағалау

 

Бiр мағыналы емес, қарама-қайшы, талап етілмеген, реттеу мақсаттарына сәйкес келмейтін, қосарлаушы және формалды ережелердің болуы туралы ақпарат

 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің халықаралық тәжірибесі 

 

Халықаралық және ұлттық құқық нормаларын салыстырмалы-құқықтық талдау

 

Талдамалық зерттеу нәтижелері

ҚОРЫТЫНДЫЛАР

 

ҰСЫНЫМДАР

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ 

 

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының соңғы онжылдықтары біздің мемлекетіміздегі нарықтық экономиканың қарқынды дамуына серпін берген түбегейлі экономикалық өзгерістермен қатар жүрді. Қазақстанда нарықтың қалыптасуымен бір мезгілде пайда болған бәсекелестік жағдайында тұтыну қатынастарының қарқынды дамуы басталды. Біздің қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың басталуы ел экономикасының дамуын адам қажеттіліктеріне бағыттады, бұл тұтынушылардың құқықтарын барынша кеңейтуді және осы құқықтардың нақты жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін шараларды бекітуді талап етті.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тұтыну нарығы белсенді жұмыс істейді. Қазіргі әлемде сатушы нарығы сатып алушы нарығымен алмастырылды. Сондықтан, бүгінде бірінші орынға тауар өндіру мәселесімен қатар, оны сату мәселесі шығады. Демек, осы тарихи кезеңде өнеркәсіптік капиталдың қозғалыс процесі қазіргі уақытқа тән ерекшеліктерге ие бола бастайды. Сауда тауарларды жеткізушілер, өндірушілер, импорттаушылар және тікелей тұтынушылар арасындағы делдал болып табылады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қазіргі құқықтық мемлекеттің міндетіне айналады.

Әрбір адам өз өмірінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушы, тұтыну нарығында қалыптасқан құқықтық қатынастарға қатысушы ретінде әрекет етеді. Бұл жағдайда тұтынушының құқықтары жиі бұзылады. Тұтынушылардың негізгі құқықтарының бірі - ақпарат алу құқығы. Бұл ақпаратты кейде тұтынушылық деп атайды. Жарнама тұтынушы үшін тауар туралы негізгі ақпарат көздерінің бірі болып табылады. Бірақ дәл жарнамалық ақпарат көбінесе тұтынушылардың құқықтарын бұзудың көзі болып табылады. Қандай жағдай болмасын, сатушының тұтынушы назарын аударуға және өзіне, өзiнiң өніміне қызығушылығын тудыруға, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда тұтынушының мінез-құлқына әсер етуге деген ұмтылысы жарнама тұтынушыларының құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне және жария мүдделерге қақтығысып қалады және оларды бұзуға әкелуі мүмкін. Экономиканы дамытудың нарықтық жолын таңдаған кез келген мемлекеттің мақсаты кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өздері және өз тауарлары туралы ақпаратты еркін тарату құқықтарын, сондай-ақ бір жағынан тұтынушылардың мұндай ақпаратты еркін алу құқықтарын қамтамасыз ету, екінші жағынан, осы ақпаратты тарататын адамдар тарапынан болуы мүмкін бұзушылықтардан жеке және жария мүдделерді қорғау болып табылады. Жарнама нарықтық қатынастар жүйесінде өз орнын тауып, олардың мықты реттегішіне айналды.

Сонымен қатар бұған бастапқы капиталды жинақтауға және оны кейіннен ұлғайтуға мұқтаж кәсіпкерлердің өсіп келе жатқан класы ықпал етті, олар жарнамалау арқасында тіпті сапасыз тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату мәселелерін әлдеқайда азайып жатқанын тез түсінді.

Қазақстанда тұтыну нарығының қалыптасуы жаңа процесс болғандықтан, ол отандық тәжірибеге сүйене отырып (ол негізінен болмаған), Батыс елдерінің үлгісіне аз ғана назар аудара отырып қаралды, өйткені Батыс заңнамасы дамыған нарық жағдайындағы сатушылар мен тұтынушылар арасындағы қатынастардың ерекшеліктерін көрсетті.

Нарықтық экономиканың дамуымен қатар тауарлар мен қызметтер нарығында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі заң шығарушының көзқарасы бойынша жеткілікті дамыды. ҚР Азаматтық кодексі, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы, сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар) мен тұтынушылар арасындағы қатынастарды реттейтін басқа да көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Аталған құқықтық актілердің практикалық маңыздылығы айқын: көптеген жылдар бойы тұтынушы тұтыну нарығындағы ең қорғалмаған субъект болды. Алайда, олардың қабылдануынан бұрын проблеманың теориялық дамуы болған жоқ, бұл заңнамадағы олқылықтардың пайда болуына, сондай-ақ осы нормативтік актілерді практикада қолданудағы қиындықтар мен қайшылықтарға әкелді. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің жай-күйін, проблемаларын және даму перспективаларын айқындау болып табылады. 

Қазақстан Республикасы тұтынушыларының құқықтарына қатысты сұрақтар бойынша әлеуметтiк және талдамалық зерттеу жүргізу бойынша жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау жөніндегі индикаторлар

  1. Қала және ауыл тұрғындары арасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру деңгейін және хабардар етудің тиімділігін айқындау.
  2. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді дамытудың жаңа заңнамалық механизмдерi.
  3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудің тиімділігін бағалау.
  4. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сотқа дейінгі инстанциялар мен қоғамдық құрылымдардың жұмысын бағалау.
  5. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегi қоғамдық бірлестіктердің тиімділігін анықтау.
  6. Қоғамдық бірлестіктерді дамытудың проблемалары мен перспективалары (күшті және әлсіз жақтары), олардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуы.
  7. Тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және іске асыру бөлігінде мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейі.
  8. Тұтынушылық қарым-қатынастағы ең проблемалы салалар.
  9. Сауалнаманың бірінші кезеңінің көмегімен қанағаттану үлесін анықтау және халықтың қызмет сапасын бағалау, оның ішінде келесі мәселелер бойынша:

- бөлшек сауда;

- ТКШ қызметтері;

- қоғамдық тамақтану;

- тұрмыстық қызмет көрсету;

- медициналық қызметтер;

- байланыс қызметтері;

- білім беру қызметтері;

- көлік қызметтері;

- қаржылық қызметтер;

- туристік қызметтер және т.б.;

  1. Сауалнаманың екінші кезеңінің көмегімен тұтынушылардың құқықтарына шек қойылған жағдайдағы олардың белсенділігі мен мінез-құлқының дәрежесін анықтау.
  2. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру механизмдерiн әзірлеу.
  3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудің тиімді және қолжетімді жүйесін қалыптастыру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде халықтың құқықтық сауаттылығы мен хабардар болуын арттыру жолдарын айқындау.
  4. Сұхбат, «ой-талқы», БАҚ-тың контент-талдауы арқылы зерттелетін сала сарапшыларынан пікірлер, ұсынымдар алу.
  5. Зерттелетін аймақтардағы елдің «сауда нүктелеріндегі» нақты жағдайды модельдеу, «Құпия сатып алушы» бағдарламасы.
Тұтынушы құқықтарының мәселелерi бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеу жүргiзу жөнiндегi есеп
Дата публикации
13 декабря 2022