Осы баяндаманы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4
мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 13) тармақшасын орындау үшін
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитеті дайындады.
Баяндаманың мақсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғау, орталық және жергілікті
атқарушы органдарды, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін (олардың
қауымдастықтары мен одақтарын), тұтынушылық дауларды соттан тыс реттеу
субъектілерін және Қазақстан Республикасының халқын тұтынушылардың құқықтарын
қорғау саласындағы уәкілетті органның жұмысының нәтижелері туралы объективті
жүйелендірілген талдамалық ақпаратпен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асыру бойынша жүргізілетін жұмыстың нәтижелері туралы Үкіметті
хабардар ету болып табылады, социологиялық зерттеу, мемлекеттік органдардың
тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтің басым бағыттарын айқындауы,
тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қажетті іс-шараларды
әзірлеу, реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау саласындағы салааралық үйлестіру үшін негіз болуға тиіс.