Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Ведомствоаралық кеңесте талқыланған тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндама

Осы баяндама «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»
2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
13) тармағын орындау үшін дайындалған.
Баяндаманың мақсаты тұтынушылардың шағымдарына жүргізілген
талдау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу мемлекеттік органдары мен
субъектілерінің қызметі, «әлеуметтік сауалнама» әдісімен зерттеу және
тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың өзге де мәселелері туралы
мәліметтерді қамтитын тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың
нәтижелері туралы Үкіметті хабардар ету болып табылады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында қабылданған
заңнамалық және практикалық шаралар, сондай-ақ аталған саладағы
заңнаманы, уәкілетті органның және мемлекеттік органдардың қызметін одан
әрі жетілдіру жөніндегі ұсынымдар ұсынылды.

Баяндама
Дата публикации
12 октября 2021