Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі ниет білдірушілерді 2021 жылғы «__» қазанда сағат 16:00-де ZOOM конференция арқылы өткізу жоспарланып отырған жария талқылау «дебаттарына» шақырады, оған сілтеме ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің заң шығару жұмысы Қағидаларының 22-тармағына сәйкес өтінім берген қатысушыларға жіберілетін болады.
Консультативтік құжаттарда тұтынушылардың оларды қорғау саласындағы ықпалды және шоғырландырылған қоғамдық бірлестігінің болмауы, тұтынушылық дауларды шешудің жеделдігі, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесі мен тетігін, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне тұтынушыға өтелетін сомадан сыйақы есептеу жөніндегі институтты қайта қарау қажеттігі, тауарларды қашықтықтан (электрондық сауда алаңдарында) сатуды тікелей құқықтық реттеу, кәсіпкерлік субъектілерін тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркеу бойынша ынталандыру сияқты проблемаларды шешу жолдары және т. б. көзделеді.
Байланыс ақпараты: +7 (7172) 75 06 14, эл. мекен-жайы: y.makhsutova@mti.gov.kz
Осы консультативтік құжаттар сілтеме бойынша ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/list?&types[0]=7001 , онда оларға пікір беру мүмкіндігі бар.