Комитет тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды:
Комитеттің аумақтық департаменттерінде қоғамдық бірлестіктермен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізіледі (дөңгелек үстелдер, меморандумдар жасасу, заң нормаларын түсіндіру, халықпен кездесулер, көшпелі кездесулер және т.б.).
Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 36-тармағын орындау үшін белгіленген мерзімде "бизнестің қызметіне, әсіресе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өзін-өзі реттеуді және қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды.