ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖӘНЕ РМК «ҚАЗСТИН» ЖФ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖӘНЕ РМК «ҚАЗСТИН» ЖФ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ

Арнайы экономикалық аймағының жобалары шеңберінде ағымдағы жылдың 24 ақпан айында, Жамбыл облысының Чу қаласындағы, АҚ «Управляющая компания специальной экономической зоны «Химический парк Тараз» өндірісіне бәсекеге қабілетті өндірісті құру және тиімділігі жоғары инвестицияларды тарту, өңірдің дамуын жеделдету мақсатында қолдау және одан әрі ынтымақтастық құру үшін кездесу өтті.

Кездесуге ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің, «ҚазСтИн» РМК, Шу ауданы бойынша кәсіпкерлер палатасы және Шу ауданы бойынша индустрия және инновациялық даму басқармалары қатысты. Бұдан да басқа және арнайы экономикалық аймағының структуралық бөлімшелерінің мамандары қатынасты. 

Кездесу барысында АҚ «Управляющая компания специальной экономической зоны «Химический парк Тараз» мынадай мәселелер қарастырылды: Қазақстанның Карта индустриализациялауына кіретін кәсіпорындарды аралып шығу, техникалық реттеу жүйесіндегі инструменттердің қазіргі күйін қарап шығу, ҚР-дағы техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамалық базасы, техникалық реттеу саласындағы Кеден одағының заңнамалық базасы, 2015-2017 жж арналған мемлекеттік стандарттау Жобасын қарастыру тәртібі, ҚР дағы өнімдерді каталогизациялау жүйесін жүзеге асыруын қамтамасыз ету, КО ТР енгізулуіне байланысты кәсіпорындардың ғылыми-техникалық жағдайын және материалдық базасын дайындау, сапа менеджмент жүйесін жүзеге асыру және енгізу тәжірибесі, «Интернет-магазин» жүйелеренінің ақпараттық қызметтері, «Онлайн доступ» қызметтері, нормативті құжаттарды актуализациялау, сайттарын қарап шығу және РМК «ҚазСтИн» ұйымы мен көрсетілетін қызметтері және Дайджест туралы айтылды. 

«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан ары – «Тараз химпаркі» АЭА) Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын көтермелеу қажеттілігімен және өңірде химиялық саланың дамуының потенциалды жоғарылығына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 13 қарашасындағы №426 Жарлығына сәйкес құрылды. «Тараз химпаркі» АЭА Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында орналасқан. 

АЭА-ның аумағы 505 гектарды құрайды. Энергетикамен, газөндіру саласымен, металлургиямен, тарихи құрастырылған химиялық құрылыммен, тасымалдау потенциалының жоғарылығымен, таулы-химиялық шикізатқа байлылығымен Жамбыл облысы АЭА құруға ең тиімді жер болып табылады.

Бүгінгі таңда, «Тараз химпаркі» АЭА аумағында инфрақұрылым құрылысы жүріп жатыр. Оның объектілеріне кірме автожолдары, бекеті бар кірме теміржол жолдары, магистралдi су құбыры, автоматты газ бөлу бекеті бар магистралдi газ құбыры, сыртқы электрмен жабдықтаудың объектiлерi, әкiмдiк- тұрмыстық кешен, өрт депосы, бақылау-өткiзу пунктiлері, су - электрмен жабдықтау желiсі және тазалағыш құрылыстар.

Инфрақұрылым объектілерінің құрылысы 2016 жылдың соңына жоспарланып отыр.

«Тараз химпаркі» АЭА құрылысы тек Жамбыл облысының дамуына емес, бүкіл Қазақстанның дамуына қолайлы әсер етеді. Химиялық салаға бұл салым заманауи, аса тиiмдi, соның ішінде жоғарытехнологиялы құрылғылармен жасалынатын өндiрiстермен жабдықтауға мүмкiндiк туғызады, бұл жайт ғылым, технология және жоғары білім секторын дамытуға көмектеседі. «Тараз химпаркі» АЭА аумағындағы болашақ кәсіпорындар мемлекеттің экономикалық көрсеткішін әлдеқайда жақсартатын импортауыстырушы және экспортқа бағытталған әлемдік стандартқа сай химиялық өнімдер өндіріледі.