
2016 жылы 25 ақпанда техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті, РМК «КазСтИн» Маңғыстау филиалымен және РМК «КазИнМетр» Атырау және Маңғыстау облыстарының өкілінің қатысуымен «БК «Caspi Bitum» ЖШС кәсіпорынға барылды.
Кәсіпорынға бару барысында келесі түсініктер берілді:
- бекітілген Ережелерге сәйкес, халықаралық стандарттарды қолдану мен тіркеу жүргізу бойынша;
- СРБ, СО/СЗ–де Өнімнің халықаралық стандарттарға сәйкес сертификатталуын жүргізу сұрақтары бойынша аккредиттеу аумағын кеңейту;
- Метрология жөнінде сұрақтар бойынша.
«БК «Caspi Bitum» ЖШС өкілдеріне ұсынылды:
- «Ережеге сәйкес тіркеумен халықаралық, аймақтық стандарттарды қолдану...» аса мұқияттылықпен танысып, қажет болған жағдайда халықаралық стандарттарға тіркеу рәсімдерін бастау;
- «КаздорНИИ» АҚ-на жол битумын халықаралық стандарттарға сай, өнімге сынау жүргізу мүмкіншілігі жөнінде сұраныс жасау;
- әлеуетті тұтынушылардың Контрактылы шартындағы тармақтарында көрсетілген ұлттық, мемлекетаралық стандарттарының талаптарына сәйкес жеткізілетін өніммен қатар жүретін сәйкестік декларациясы, сынау хаттамалары және т.б. қатысты сұрақтарды пысықтау;
- Халықаралық, аймақтық стандарттар негізінде «Түрлендірілген жол таушайыры», «Тотыққан жол таушайыры»-на ұлттық стандарттарды жасақтау мәселесін қарауыңызды ұсынамыз.
Қатысушы жақтардың шешімі бойынша техникалық реттеу, метрология саласындағы, соның ішінде, сыртқы нарыққа өнімді жеткізу мақсатында халықаралық аймақтық стандарт негізінде ұлттық стандарттарын жасақтау рәсімі бойынша біріккен қызметтің басты бағыттарын талқылады.
ҚР ИжДМ техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті