
Шұғыл жедел қызметтерге сигналдарды қамтамасыз ету бойынша серік жүйелердің қолдану үрдістерін жөндеу және тура олардың өндірушілермен навигациялық жабдықпен толық сынақ жүргізуді мүмкіндік беретін сынақ зертханаларын жасау қажет. Осы және басқа мәселелерді жолсапар мәжілісте 26 ақпанда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Комитет төрағасы Біржан Қанешевтің басшылығымен, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК, сонымен қатар «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдерінің қатысуымен талқыланды.
«ЭВАК» шұғыл жедел қызметтерді шақыру жабдықтарын өндіру жеткіліксіз. Құрылғының өзі жүйесіз жұмыс жасай алмайды, сондықтан ұқсас шұғыл шақыру жүйелермен біріге алатын және Кеден одағы барлық мүше-мемлекеттері шекарасында адамдар, жүктер, көлік және инфрақұрылым қауіпсіздігін қамтамасыз ететін пайдалану жүйесін әзірлеу және енгізу маңызды», - өзінің сөз сөйлеуінде «ҚазСтИн» РМК Бас директордың бірінші орынбасары – Техникалық хатшылықтың басшысы Хайрат Кәрібжанов белгілеп өтті.
Сондай-ақ, навигациялық аспаптарға толық сынақ жүргізуге мүмкіндік беретін сынақ зертханалар туралы сұраққа жауап бергенде, техникалық регламент талаптарына сәйкестігі үшін өнімдерге сынақтар және зерттеулер жүргізу тек Қазақстан нарық субъектілерімен ғана емес, сондай-ақ, Кеден одағының сертификаттау және сынақ зертханалары (орталықтар) бойынша органдардың Бірыңғай тізіліміне енгізілген Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мүше-мемлекеттерімен жүзеге асырылатынын белгіледі.
АНЫҚТАМАЛЫҚ: ЭВАК – апаттар мен катастрофалар кезінде шақыруды, автокөлік жолдарында болатын жол-көліктік және басқа да оқиғалар кезінде жедел жылдам кызметін шақыруды қамтамасыз ететін Кеден одағынының шеңберіндегі спутниктік жоба.
«ЭВАК» құрылғысының көлік құралдарындағы жиынтық нормасы 2015 жылғы 1 қаңтарда күшке енген «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» КО ТР 018/2011 Кеден одағы техникалық регламентінде жазылған. Айналымға шығатын жолаушыларды коммерциялық тасымалдауға, сондай-ақ арнайы балаларды тасымалдауға арналған М санатты көлік құралдары, және қатты тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар тасымалдауға (қоқыс тасушы), арнайы, қауіпті, ауыр жүкті және ірі габаритті жүктерді тасымалдауға арналған N санатты көлік құралдары, сондай-ақ жедел қызметтің көлік құралдары спутниктік навигация құрылғысымен жабдықтандыруға жатады.
Аталған көлік құралдарының құрылысы аталған құрылғыны жабдықтандыру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті

