ҚР ИДМ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ МАМАНДАРЫ «АСТАНА ДИЗЕЛЬ СЕРВИС» ЖШС ЗАВОДТЫН АШЫЛУ БАРЫСЫНДА ҚАТЫНАСТЫ

ҚР ИДМ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ МАМАНДАРЫ «АСТАНА ДИЗЕЛЬ СЕРВИС» ЖШС ЗАВОДТЫН АШЫЛУ БАРЫСЫНДА ҚАТЫНАСТЫ

Арнайы экономикалық аймағының жобалары шеңберінде ағымдағы жылдың 25 ақпанда ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің, «ҰАО» ЖШС,  «ҚазСтИн» РМК, «ҚазМетрИн» РМК және структуралық бөлімшелерінің басқа мамандары «Астана Дизель Сервис» ЖШС (Астана қ.-сы) заводтын ашылу барысында қатынасты.

«Астана Дизель Сервис» ЖШС Астана қаласында орналасқан, «Локомотив Құрастыру зауыты» АҚ шығарылатын «Эволюшн» сериялы локотивтеріне орнатылатын дизельдік қозғалтқыштарды құрастырады.

Дизельдік қозғалтқыштар «GeneralElectric» (АҚШ) компаниясының жаңа технологиясымен құрастырылады және әлемдік нарықта алдыңғы қатарлы технологиялармен бәсеке бола алатын өнім болып табылады.

Жылына өнеркәсіпте 200 дизельдік қозғалтқыштар жинау, оның 10 пайызын экспортқа шығару жоспарлануда.

Дизельдік қозғалтқыштарды құрастыру барысында бөлшектердің 23 пайызы отандық, 2020 жылға дейін бұл мәнді 50 пайызға көтеру көзделуде.

Бұл өндірістің мақсаты дизельдік қозғалтқыштарды құрастыру және жөндеу бойынша үзіліссіз тізбек құрастыру.

Кездесу барысында заводты метрологиялық қамтамасыз ету, қолданыстағы жабдықтарды талдау, өлшем құралдарын ҚР ӨБҚЖ тізіліміне тіркеу, химиялық реагенттерді сертификаттау және өнімдерді сынау жөнінде сұрақтар қарастырылды.

Сонымен бірге стандарттау, метрология және аккредиттеу салалары бойынша ынтымақтастықты кеңейту туралы шешім қабылданды.