
Арнайы экономикалық аймағының жобалары шеңберінде ағымдағы жылдың 19 ақпанда ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері Төлеубай Ғ. және Астана қаласы бойынша департаментінен Кабулова А., «ҰАО» ЖШС бас директорының орынбасары Д. Шарипов, «ҚазСтИн» РМК бас директорының орынбасары Утешев Н., «ҚазМетрИн» РМК бас директорының орынбасары Токанов Т. және структуралық бөлімшелерінің басқа мамандары «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС (Астана қ-сы) қатынасты.
Alstom Transport франциялық компаниясының технологиялары сәйкес жүк және жолаушылар тасымалдаушы электровоздарды құрастыру зауыты
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар негізінде салынған.
Салынған зауыттың басты мақсаты Қазақстанның жылжымалы теміржол құрамын жаңарту және өнімнің ТМД елдеріне перспективті экспорты.
Компания, кедендік баж және салық жеңілдіктері берілген, арнайы экономикалық аймағының қатысушысы болып табылады.
Сапар кезінде қатысушылар KZ8A и KZ4A сериялы электровоздардың шығару өндірісімен танысты.
Жаңа технологиялардың қолдануы электр энергиясын жиырма пайызға, ремонтаралық уақытты уш есе көбейтуге мүмкіндік берді.
Кәсіпорынға бару нәтижелері бойынша бірлесіп қызмет көрсетудің техникалық реттеу, метрология, аккредитация, стандарттау саласындағы негізгі бағыттар талқыланды.