
Бүгін 2020 жылғы 08 қыркүйекте Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде СТ-KZ нысанындағы тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру және сараптама актісін ресімдеу мәселелері бойынша ZOOM қосымшалары арқылы бейнеконференция режимінде кеңес өткізді.
Кеңеске Алматы қаласы бойынша Кәсіпкерлер Палатасы, тауарлардың шығу тегі туралы сертификат беру жөніндегі органдар мен сарапшылар қатысты.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Сауықбек Әріпұлы Қапаев қатысушылардың барлық сұрақтарын тыңдап, негізгі бағыттарға жан-жақты тоқталып, маңызды мәселелерді түсіндірді.
Кеңес барысында конференцияға қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді белсенді талқылап, өз пікірлерімен бөлісті.