Шығыс Қазақстан облысында тауардың шыққан елін анықтау тәртібі бойынша онлайн-жиналыс өткізілді

Шығыс Қазақстан облысында тауардың шыққан елін анықтау тәртібі бойынша онлайн-жиналыс өткізілді

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегі Өскемен қаласында ішкі айналымға тауарлардың шығу тегіне сараптама сертификатын беру мақсатында тауардың шыққан елін анықтау бойынша онлайн-жиналыс өткізілді. Сараптамалық ұйымдардың тауарлардың шыққан елін анықтайтын  сарапшы - аудиторлар қатысты.

Жиналысты Техникалық реттеу және метрология комитетінің ШҚО  бойынша басшысы Б.Қ. Құнафиянов ашып, тауардың шығу тегіне сараптама жүргізу кезінде ішкі айналымға сараптама актісінде қорытынды жасағанда, сарапшы-аудиторлардың жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударды.          

Департамент басшысы өз сөзінде тауарлардың шығу тегі туралы құжаттарға сараптама жүргізуге қатысты 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 «Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» түзетулер пакетін дайындалуы туралы ақпаратты айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 417-ші тармағында тауарлардың шығу тегі үшін сарапшы аудиторлардың және тауарлар туралы дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өтініш берушілердің жауапкершілігін күшейту туралы өзгеріс енгізілетіндігі айтылды.

Департамент басшысы қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, Ережені қолдану кезінде консультациялар мен түсіндірулер үшін ашықтық көрсетті.

Шақырылған сарапшы-аудиторлар Ереже талаптарын жүзеге асырумен байланысты басқа да мәселелерге, сондай-ақ оған күшіне енетін түзетулерге шолу жасай отырып, осындай іс-шараларды ұйымдастыруға үміт білдірді.

Кездесу нәтижесінде өтініш беруші кәсіпорындармен СT KZ сертификатын алу үшін, сондай-ақ ШҚО КП-ның шығу тегі туралы сертификат беру жөніндегі өкілетті адамдармен кездесу өткізу туралы шешім қабылданды.