ТРМК ӨКІЛДЕРІНЕН ҚҰРАМДАЛҒАН ДЕЛЕГАЦИЯ «ПЕНЕТРОН-ҚАЗАҚСТАН» ГИДРОҚШАУЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУ ЗАУЫТЫ» ЖШС-НА БАРЫП ҚАЙТТЫ

ТРМК ӨКІЛДЕРІНЕН ҚҰРАМДАЛҒАН ДЕЛЕГАЦИЯ «ПЕНЕТРОН-ҚАЗАҚСТАН» ГИДРОҚШАУЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУ ЗАУЫТЫ» ЖШС-НА БАРЫП ҚАЙТТЫ

Техникалық реттеу және метрология Комитеті АЭА «Астана – Жаңа қала» даму шегінде кәсіпорындармен ынтымақтасу шараларын жалғастыруда.

2016 жылдың 24 ақпанында ТРМК, «ҚазСтИн» РМК, «ҚазМетрИн» РМК, «ҰАО» ЖШС өкілдерінен құрамдалған делегация «Пенетрон-Қазақстан» гидроқшаулау материалдарын өндіру зауыты» ЖШС-на барып қайтты.

Сапар барысында делегация пенетрон, пенекрит, пенебар және пенеплаг сынды гидроқшаулау материалдарын өндірумен, сондай-ақ, материалдарды өндірудің автоматтандырылған технологиялық процесімен таныс болды. Жаңа материалдарды кеңінен қолдану бетоннын су өткізбеушілік қасиетін кем дегенде 6-8 атмосфераға, суыққа төзімділігін 100 кезеңге, қысылуға беріктігін 10-20 %-ға,  коррозияға төзімділігін, биокоррозиялық және радиациялық ықпалдарға төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Компания, сонымен қатар, келесідей кешенді қызметтерді көрсетеді: материалдарды құрылыс алаңына және құрылыс құрылымдарын жөндеуден өткізу алаңына жеткізу, техникалық шешімдер мен жобалар әзірлеу.

Қазіргі таңда аталмыш кәсіпорын Қазақстанда дәл осы өнімге күші бар нормативтік техникалық құжаттың жоқтығынан кәсіпорын стандартымен жұмыс жасауда. «ҚазСтИн» РМК өкілдері келешекте мемлекеттік сатып алуларға қатысу, ішкі өткізу нарығына шығу үшін материалға ұлттық стандарт жасап шығаруды ұсынды.

Сонымен қатар, кәсіпорын құрылыс нормалары, гидроқшаулау материалдары бойынша ережелер, отандық жеткізушілер тізімі, инновациялық технологияның жобалық шешімдеріне қатысты ақпарат жоқтығы жайындағы сұрақтар бойынша қызығушылық тудырды.

Сапар қортындысы бойынша стандарттау, метрология, аккредиттеу мәселелері тұрғысынан ынтымақтастықты арттыру шешімі қабылданды.