
2016 жылғы 13 шілдеде Сингапурда Халықаралық стандарттау бойынша ұйымы (ISO) және Халықаралық электр байланысы одағымен (ITU) бірлесіп Халықаралық электротехникалық ұйымы (IEC) ұйымдастыратын Дүниежүзілік форум «Smart city» (бұдан әрі - Форум) өтетіні хабарлаймын. Форум әріптестері ретінде Американдық Ұлттық стандарттау институты (ANSI), Еуропалық стандарттау бойынша комитеті/ Еуропалық электротехникалық стандарттау бойынша комитеті (CEN/CENELEC), Еуропалық телекоммуникациялық стандарттар институты (ETSI), Телекоммуникациялық өнеркәсіп қауымдастығы (TIA) және Телекоммуникациялық өнеркәсіптің шешімдер альянсы болып табылады. Форум әлемдегі қалалар инфрақұрылымының және күрделі мәселелерін талқылау үшін жыл сайынғы алаң болып табылатын Халықаралық Қалалар Саммит және Сингапурлық Халықаралық су аптасы шаралармен бірге бір алаңда өткізіледі.
Форум «смарт» қалаларды дамыту саласында күрделі мәселелерін талқылау үшін ашық онлайн-алаң болып табылады. Форумның сайтында әр тіркелген қатысушы интерактивті түрінде өз үлесін қосып «смарт» қалаларындағы «киберқауіпсіздік», «энергиямен және сумен жабдықтау», «көлік/мобильділік» төрт дискуссиялық бағыты бойынша жұмыс қарастырылатын болады. Форумға қатысу үшін тіркеу рәсімі барлық тілек білдірушілер үшін ашық және осы сілтеме арқылы www.worldsmartcity.org жасауға болады. Сонымен бірге, Форумға тегін қатысу үшін тіркеу рәсімі 2016 жылғы 1 шілдеге дейін ашық болатынын хабарлаймыз.
Осы форумға қатысу үшін көліктік, тұру, тамақтануға Форумға қатысушылардың өз қаражаттары есебінен төленеді.