ҚР ИДМ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ МАМАНДАРЫ «ТҰЛПАР-ТАЛЬГО» ЖШС (АСТАНА Қ-СЫ) ҚАТЫНАСТЫ

ҚР ИДМ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ МАМАНДАРЫ «ТҰЛПАР-ТАЛЬГО» ЖШС (АСТАНА Қ-СЫ) ҚАТЫНАСТЫ

Арнайы экономикалық аймағының жобалары шеңберінде ағымдағы жылдың 24 ақпанда ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің, «ҰАО» ЖШС,  «ҚазСтИн» РМК, «ҚазМетрИн» РМК және структуралық бөлімшелерінің басқа мамандары «Тұлпар-Тальго» ЖШС (Астана қ-сы)  қатынасты.

«Тұлпар-Тальго» ЖШС 2010 жылдың 7-ші қыркүйегінде Ремлокомотив АҚ («Қазақстан Темір Жолы «ҰҚ» қарамағындағы) және Patentes Talgo S.L. (Испания) компаниясымен құрылған бірлескен кәсіпорын болып табылады.

Стратегиялық әріптестіктің басты мақсаты құрылымдық жылдамдығы 200 километр сағат болатын темірдол жолаушылар вагондарын өндіру зауытын салу және қолданысқа беру болып табылады.

Зауыт Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар негізінде салынған.

Аталған өндірістің мақсаты – тек қана қазақстан нарығының қажеттілігін қамту ғана емес, сонымен қатар ТМД елдеріне өнімді экспорттау болып табылады. Алдын ала келісулерге сай Қазақстан Достастық мемлекеттерінде вагондарды сатудың эксклюзивті құқығына ие болады

Кәсіпорынға бару нәтижелері бойынша бірлесіп қызмет көрсетудің техникалық реттеу, метрология, аккредитация, стандарттау саласындағы негізгі бағыттар талқыланды.