ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІМЕН ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУІ

ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІМЕН ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУІ

Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа кіргеніне байланысты, Қырғыс Республикасының Экономика министрлігі, тапсырмасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің техникалық реттеу аясындағы тәжірибесін үйрену және НАССР тамақ өнімдерінің қауіпсіздік жүйесін енгізген өнеркәсіп қызметтермен танысу болып табылатын жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының негізгі мақсаты Қырғыз Республикасының тамақ өнімдерін шығаратын өндірушілеріне өз өнімдерін ЕЭО елдеріне жеткізуге көмек көрсету болып табылады.

 

Қырғыз Республикасының жұмыс тобы құрамында ҚР экономика министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Үкіметінің жанындағы ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсізді жөніндегі мемлекеттік инспециясының, сынақ зертханаларының және басқа да өкілдері болды.

2016 жылдың 22 ақпанында, Техникалық реттеу және метрология комитетінің астана қаласы бойынша департаментімен Қырғыз Республикасының жұмыс тобы, Ұлттық аккредиттеу орталығы мен  Казақстан стандарттау және сертификаттау институты өкілдері үшін сүт және сүт өнімдерін өндіретін «Астана - Өнім» АҚ және ет өнімдерін өндіретін «Целинная фабрика деликатсов» ЖШС барып олардың жұмыстарымен танысу ұйымдастырылды. Шара барысында жұмыс тобы өндіріспен, технологиялық процестермен және өндірісте қолданылатын жаңа қондырғылармен танысты. Басты назар тамақ өнімдерінің қауіпсіздік жүйесі үшін талаптар орнататын ISO 22000 НАССР жүйесінде болды. 

Сонымен қоса жұмыс тобы Қазақстан Республикасында тамақ өнімдеріне ауқымды сынық зертханасы бар «Ұлттық сараптау және сертификаттау ортылығы» АҚ-на барды. Қырғыз Республикасының өкілдері сараптау орталығының басшылығымен кездесіп техникалық реттеу саласында сынық зертханасының рөлін талқылап, сынақ зертханасының қызметімен, қолданылатын қондырғыларымен, нормативтік базаларымен және сынақ әдістемелерімен танысты.

Жұмыс тобы бұл күнді нәтижелі күн деп бағалап, оларды Қазақстан Республикасының өндіріс саласы және тамақ өнімдерін сынау тәжірибиесі қатты қызықтырып, болашақта Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлесіп осындай іс-шараларды жиі ұйымдастыруды жоспарлайтындарын білдіріп, Қырғыз Республикасында техникалық реттеу жүйесін дамытуға Қазақстан Республикасының тәжірибиесін қолданатындығын айтты.

Сондай-ақ жұмыс тобының сапары аясында Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтына, Ұлттық аккредиттеу орталығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің санитарлық – эпидемиологиялық сараптау және мониторинг ғылыми-тажірибиелік орталығына бару жоспарлануда.