НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Кәсіпкерлік қызмет жағдайын жақсарту үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау үшін 2015 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасы Президентімен ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне қол қойылды. Бұл кодекс Ұлт жоспары – 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамды іске асыруға және кәсіпкерлік саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды кешенді реттеуге, оның ішінде кәсіпкерлер мен мемлекеттің өзара әрекетіне байланысты туындап отырған мемлекеттік реттеу және кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне бағытталған. Бұл кәсіпкерлердің қызметін реттейтін өзіндік бизнес конституциясы болып табылады.

Осыған байланысты, 2016 жылдың 23 ақпанында «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Батыс Қазақстан филиалымен бірге Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін жүзеге асыруға қабылданған нормативті-құқықтық актілер бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Аталмыш шараға Батыс Қазақстан облысының бизнес-қауымдастығының және БҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Нақты шараны «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ басшысының м.а. Жанахын Тыгынбаев ашып, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы жалпы ережелерін түсіндіріп өтті. Бизнес-қауымдастық өкілдеріне бақылау және қадағалау нысандары, тексеру түрлерi, тексерiлетiн субъектiнiң не оның уәкілетті өкілінің бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi түсіндірілді.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында Кәсіпкерлік кодексінің негізгі тұстары түсіндіріп, бизнес-қауымдастығының өзекті мәселелері талқыланды.