
2016 жылдың ақпан айының 23 жұлдызында, «ТРжМК ШҚО бойынша департаменті» РММ Семей бөлімінің және Семей қ. «КазСтИн» РМК өқілдігінің мамандары, КО ТР 030/2012 талаптарын түсіндіру, материалдық-техникалық және сынақ базасының жабдықталуын анықтау мақсатымен «Семей май зауыты» ЖШС-іне барып шықты.
Семей май зауыты 2001 жылы ашылған. «СМЗ» ЖШС-сі отандық тауар өндірушіснің бірі және «Самұрық-Қазына» қорының тізіміне кіреді. «СМЗ» ЖШС-інің негізгі қызмет түрі ол – майлайтын материалдар мен техникалық сұйықтықтарды және металл мен полиэтиленді ыдысты өндіруі. Кәсіпорында аккредиттелген сынақ зертханасы бар.
Кездесу барысында, сапа бойынша директордың орынбасары Рахимова А.Д., қатысушыларды кәсіпорындағы жұмыстарының қортындысымен, алдағы қойылған жоспарларымен таныстырды.
Қазіргі кезде кәсіорынның алдында, КО ТР 030/2012 жетпей тұрған позициялары бойынша аккредиттеу саласын кеңейту мен кәсіпорында СМЖ-ін енгізу мақсаттары тұр.
«ТРМК ШҚО бойынша Д» РММ Семей бөлімінің бас маманы А. Байзақова