ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТТІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІМЕН «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫСЫ АЯСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТТІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІМЕН «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫСЫ АЯСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ

Техникалық реттеу мәселелері жөніндегі Өңірлік штаб жұмысының аясында және Астана қаласы әкімінің орынбасарымен бекітілген Өңірлік жоспар талаптарына сәйкес, Департамент басшысы Қапаев Сауықбек Әріпұлы, мақсаты «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту және қолдау бырынғай бағдарламасы шенберінде бизнес жобаларға субсидия бөлуді қарастыру болып табылатын Астана қаласы әкімдігі жанындағы Координациялық кеңес мүшесіне енгізілді. Координациялық кеңес отырысы апта сайын өткізіліп, оның құрамына Астана қаласындағы мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың және кәсіорындардың басшылары кіреді.

Координациялық кеңес отырысында түрлі саладағы бизнес жоспарлар қарастырылып, нәтижесінде «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту және қолдаудың бырынғай бағдарламасына ұсынылған жобалардың сәйкестігінің немесе сәйкессіздігінің негізінде сол бизнес жобасын мақұлдау немесе алыптастау туралы шешім қабылданады. Одан кейін мақұлданған жобалар тізімі субсидия келісімшартын жасасу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту фонды» АҚ және екінші дәрежелі банктерге жолданады.

2016 жылдың 10 ақпанында Астана қаласының индустриалды жылдам дамуы жөніндегі Координациялық кеңестін биылғы жылғы бірінші отыры болғаның атап өткіміз келеді. Күн тәртібінде «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту және қолдау бырынғай бағдарламасы шенберінде бизнес жобаларына субсидия бөлу мәселелері қарастырылды. Координациялық кеңестін қарауына 22 бизнес жобасы келіп түсіп, оның 20 қарастырылып 19 мақұлданды. Экономикалық түрғыдан әлеуметтік сипаты болмағандықтан бір жоба кері қайтарылды.

Бұл бағдарлама «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шенберінде аккредиттеу облысын, ауданын ылғайтуға, қосымша сынақ құралдарын, жаңа сынақ технологиярын алуға,  сәйкестікті растау органдары үшін, сынақ зертханалары мен орталықтары үшін мемлекет тарапынан қолдау табуға үлкен мүмкіндік береді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту және қолдау бырынғай бағдарламасының мүмкіндігін пайдалану үшін сәйкестікті растау органдары мен сынақ зертханаларына Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына неме Астана қаласы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту фонды» АҚ хабарласу қажет.