
«Дөңгелікті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 018/2011) талаптарының қүшіне енуі автокөлік құралдарын жөндеуде және техникалық күтілуін басқару жүйесінің жаңа әдістемелерін қолданылуын қажет етеді.
Қазіргі заманға сай автокөлік құралдарын жөндеуде және техникалық күтілуін басқару жүйесі автокөлік кәсіпорындарын басқарудың ажырағысыз бөлігі болып табылады. Автокөлік құралдарын жөндеуде және техникалық күтілуін басқару жүйесі еңбек және қаражатты шығындарын тиімді қолдану арқылы автокөлік құралдарының ұзақ қолданылуы мен тоқтатылмауына және техникалық деңгейде дайын тұруын қамтамасыз ету үшін қажет.
Автокөлік құралдарын жөндеу мен техникалық күтуінің сапалық жағдайы көбінесе метрологиялық қамсыздандыру деңгейімен анықталады. Автокөлік құралдарының пайдалану көрсеткішін көтеру әдістерінің бірі тиімді техникалық диагностикалаудың қолданысы болып табылады.
Техникалық диагностикалау диагностикалау нысанының техникалық күйін дәлме-
дәлділікпен анықтайды. Сол себептен автокөлік құралдарын жөндеу мен техникалық күту жүйесінің сапасын қолдау үшін метрологиялық қамсыздандырудың ұстанымдарын пайдалану қажет.
Қарағанды облысының автокөлік кәсіпорындарында мемлекеттік метрологиялық тексеріс жүргізу барысында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департамент қызметкерлері автокөлік кәсіпорындарының метрологиялық қамсыздандырылуын дамыту керектігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бас мамандар
С.С. Ганджук, Қ.А. Тұрғанбаева
Жетекші маман
Д.С. Бишаев
«ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ