
Арнайы экономикалық аймағының жобалары шеңберінде ағымдағы жылдың 19 ақпанда ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің төраға орынбасары Е.Карасаев, «ҚазСтИн» РМК бас директорының орынбасары Амирханова Е.М., «ҚазМетрИн» РМК бас директорының орынбасары Т.Токанов, «АҰО» ЖШС бас директоры С. Курмангалиев, бас директорының орынбасары Д. Шарипов және структуралық бөлімшелерінің басқа мамандары «ASTANA Ютария ltd» Өнеркәсіптік инновациялық компаниясы» ЖШС (Астана қ-сы) қатынасты.
Компания «Астана – Жаңа қала» Еркін экономикалық аймағының дамуына ұлттық инвестор болып табылады.
Автоматтандырылған энергияны үнемдеу жабдықтары өндірісіне бару кезінде делегациялар: өнеркәсіптік тігу, пішу және кесте тігу бағдарламасын басқару, сонымен қатар автоматтандырылған лазерлік-пішу жабдықтарымен танысты.
Инновациялық технологияларды пайдалану кәсіпорынға кеңейтілген ассортиментте 500-ден артық тігу жабдықтарымен және 200-ден аса атаудағы тігілген өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді
Кәсіпорынға бару нәтижелері бойынша бірлесіп қызмет көрсетудің техникалық реттеу, метрология, аккредитация саласындағы, сонымен қатар ұлттық стандарттарды әзірлеу процедурасы, жеңіл өнеркәсіп саласында мамандардың біліктілігін арттыру бойынша негізгі бағыттар талқыланды.